• Білім & Ғылым
  • 24 Қараша, 2011

БІЛІМ САПАСЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Білім мен ғылымның дамыған заманында сапаның сырт қалмауын қадағалап отырудың орны бөлек. Осыған орай қолға алынып жатқан істер аз емес. Оның бір мысалы ретінде Қ.И. Сәтбаев атындағы университте болып өткен «Жоғарғы мектептегі білім беру сапасы және аккредитация: ХХІ ғасыр талабы» атты халықаралық симпозиумды айтуға болады.

Халықаралық Симпозиум жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстанның жоғарғы оқу орындары, ғылыми және білім қауымдастығына «XXI ғасырдағы жоғары оқу орнындағы білім сапасы: негізгі принциптері мен тәжірибелік шаралары» атты Қазақстан жоғары оқу орындарының бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Жоғарғы білім сапасындағы маңызды мәселелерді, аккредитация бойынша халықаралық және ұлттық тәжірибені талқылауды, білім беру сапасын қамтамасыз ету мен дамыту жүйесін, қазіргі заман талаптарына сай мамандар дайындау мәселелерін негізгі мақсат еткен білім сапасы жөніндегі бұл жиынның ортаға салған сұрақтары да, ойлантар ойлары да аз болмады.

Негізінен үш форматта өткен халықаралық симпозиумның пленарлық отырысында «Қазіргі кезеңдегі жоғарғы оқу орындарының ұлттық және халықаралық даму тенденциясы», «Қазіргі заманғы сапа технологиясы: аккредитациясы мен рейтинг», «Қазіргі заман инженерлерін дайындау: мемлекет-университет-индустрия интеграциясы» сияқты тақырыптар талқыға түссе, дөңгелек үстел отырысында қазіргі таңдағы мамандар дайындау жүйесінің модернизациялануы мен сапа технологиясы жайында, аккредитация мен рейтинг арқылы білім сапасын қамтамасыз ету мен даму жүйесі жөнінде сөз қозғалды. Ал үшінші бөлімде «Сапаны қалай өлшейміз: мәселелер және ұсыныстар» институционалды бағалау талаптарына байланысты мамандықтарды бағалау тренингі өтті.

Шетел және Қазақстан жоғары оқу орындарының, Халықаралық аккредитациялау және рейтинг агенттіктерінің, ұлттық және трансұлттық компаниялардың өкілдері, студенттер мен басқа да қонақтар қатысты.

624 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы