• Бизнес & Қоғам
  • 24 Қараша, 2011

Құрылыс материалдарына сұраныс жоғары Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Қай елдің болмасын, өркендеп өсуінде өзінде шығарылатын отандық өнімнің алар орны ерекше. Сондықтан да ел нарығындағы отандық өнімнің сапасымен қатар санын да арттыра түсудің маңызы мол. Осы орайда еліміздегі кәсіпорындарға көрсетіліп отырған қолдау да, олардың қанатын кеңге жаюына мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істер аз емес.

Елді индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске қосылып, мемлекеттік қолдаудың арқасында үлкен мүмкіндіктерге ие болып, ел нарығында тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі – «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС. Кең ауқымда сапалы өнімді қолжетімді бағамен тұтынушыларына ұсынып отырған кәсіпорын 2007 жылдың 15 қаңтарынан бастап өз жұмысын жемісті жүргізіп келеді.

Соңғы жылдары республикамызда құрылыс индустриясы жедел қарқынмен өсіп отыр. Жыл санап, еліміздің түпкір-түпкірінде әсем де, заңғар ғимараттар бой түзеп, құрылыс қарқыны әлдеқайда жоғарылаған. Осыны ескерген кәсіпорын нарықта мол сұранысқа ие өнімді шығаруды қолға алды. Осылай құрылыс қарқыны артқан бүгінгі күні сұранысқа сай сапалы отандық өнімдерді нарыққа шығарып қана қоймай, елімізге шекара асып келіп жатқан өнімдер мен шетелдік өндірушілерге мықты бәсекелес те бола білді. «Кеден Одағына енген елдер шекарасының ашылуы бізге де зор мүмкіндіктер ашып отыр. Аз уақыттың ішінде ел нарығын бағындырып үлгердік. Енді шекаралас мемлекеттерге шығуды көздеп отырмыз» деген «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС директоры Александр Кондратов кәсіпорынның халықаралық талаптарға сай сапалы өнімдерінің бүгінде тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа шығуға да қауқары жетерлік екенін жасырмады. Еске сала кетейік, 2009 жылы отандық өндіруші сертификатына ие болған кәсіпорын былтыр халықаралық ИСО- 90001 сапа сертификатын алған болатын.

Кәсіпорын шығаратын халықаралық талаптардың барлығына сай келетін өнімдер еліміздің әр түпкіріндегі өндіріс ошақтарында кеңінен тұтынылып отыр. Зауытқа мемлекеттік тапсырыс пен үлкенді-кішілі өндіріс орындарынан өзге тұрғындар да жеке тапсырыс беріп, сұраныстарына сай өнімге қол жеткізіп келеді. Жыл өте кәсіпорын тұтынушылары мен әріптестерінің де саны артып отырғаны байқалады. Өйткені мұнда құрылыста кеңінен қолданылып жүрген керек-жарақтың көп бөлігі шығарылады. Мысалға айта кетер болсақ, жылуды сыртқа шығармай, сақтай білетін оңды қасиетке ие, диаметрі 57-ден 1200 мм-ге дейін жететін пенаполиуретан құбырлары, полиэтилен құбырлары, сип-панельдер мен сэндвич-панельдер, темір шатырлар және өзге де құрылыс материалдары. Сондай-ақ осында құрастырмалы тұрғын үй жиынтығы шығарылатындығын да айта кеткен жөн. Жиынтыққа үйдің қабырғалары, төбесі, сәкісі, шатыры, металл жабынқыш кіреді. Бір айта кетерлігі кәсіпорынның 75 шаршы метрлік құрастырмалы 60 үйі Бәйтерек ауылына орнатылып, мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасына айтарлықтай үлес қосты.

Білікті мамандарды біріктірген зауыт бүгінгі күннің талабына сай озық технологиямен жабықталған. Кәсіпкерлікті дамытуды мақсат еткен «Даму» қорының қолдауымен екінші деңгейлі банктен төмен пайызбен несие алған «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС ол қаражаттың бір бөлігін өндірісті ұлғайту үшін айналымға жіберсе, енді бір бөлігін кәсіпорынды заманауи құрылғылармен жабдықтауға жұмсапты. Осылай оңды шешім жасаған зауыт арнайы шетелдік қондырғы толығымен автаматтандырылған. Сондықтан бұл жаңа технологиялық желі адам күшін аса қажет етпейді. Озық үлгідегі құрылғының көмегімен сағатына 800 келіге дейін дайын өнім шығарылады екен. Жаңа технологиямен кәсіпорын уақытты үнемдеп, өнімділікті арттырып қана қоймай, жұмысты да жеңілдеткен.

Сапалы өнімдері мен сауатты қызметтерінің арқасында бүгінге дейін кәсіпорын біраз жетістікке де жетіп, қоржындарына үлкенді-кішілі біраз сыйды салып та үлгерді. Әр жылдары «Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС өңірлік, республикалық байқау-көрмелерде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» және басқа да номинациялар бойынша дипломант атанып, мақтау мен марапатқа ие болып жүр. Былтыр «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық көрме-байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС директоры Александр Кондратов: «Біз облыста 7 жылдың ішінде алғаш болып мұндай марапатқа ие болдық. Кәсіпорын өнімнің санынан бұрын сапасына үлкен мән береді», – деп жеткен жетістіктерін үлкен мақтанышпен айтқан еді.

565 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы