• Қаржы
  • 08 Шілде, 2014

Казком және Кеңес Ракишев БТА Банкінің акцияларын сатып алу бойынша мәміленің аяқталуы туралы хабарлайды

Бітімге келу ертеректегі келісімдерге сәйкес, «Қазкоммерцбанк» АҚ (ҚКБ) және Кеңес Хамитұлы Ракишев мырза «Самрұқ-Қазына» Ұлттық Әл Ауқат Қорынан («СҚ») БТА Банк АҚ–ның («БТА») акцияларының 46,5 % үлесін сатып алды. СҚ БТА-ның қалған 4,26% акциялар үлесін Сенімгерлік Басқару Шарты бойынша ҚКБ-ға берді. Бұл өз кезегінде ҚКБ-нің 50% артық дауыспен БТА-ға операциялық басқаруды қамтамасыз етті.

Мәміле, ҚКБ-ның директорлар Кеңесі мен акционерлердің Жалпы жиналысы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк пен бәсекелестікті қорғау бойынша Агенттіктен алынған тиісті рұқсаттарымен мақұлданған.

 

ҚКБ Басқармасының төрайымы Нина Жүсіпова:

 

«Біз белгіленген мерзімде күрделі әрі масштабты мәмілені аяқтағанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі оқиға, Қазақстанда және Орталық Азияда үздік әмбебап қаржы институттарының бірі ретінде Қазкоммерцбанктің жайғасымын нығайтуға бағытталған біздің стратегиямыздың келесі бір елеулі кезеңі болды. Қазір, біз, басқа да акционерлермен бірлесіп, екі банктің бірігуі мен әрекет етпейтін несиелердің деңгейін азайтуға бағытталған процесстері бойынша жұмыс жасаймыз. Аталған мәміле, Қазақстанның банктік жүйесі үшін ұзақмерзімді жағымды әсер беріп, оның экономикалық кезеңдерге тұрақтылығын нығайтпақ».

 

БТА Банкі Басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов:

 

«Біздің көзқарасымыз бойынша, аталған бірігуде бірқатар негізгі артықшылықтар бар – филиалдар жүйесінің аумағы едәуір кеңейеді және банк клиенттеріне қаржы өнімдері мен қызметтерін пайдалануда ыңғайлы болмақ. Бүгінгі күні әрқайсысы бөлек ұсынып отырған Банк өнімдерінің түрлері де көбейе түседі. Бірігу жөніндегі бірінші қадам да жасалды: 25-ші маусымнан бастап, біз БТА мен Казком банкоматтарынан карта иелерінің қолма-қол ақшаны алу кезінде алынатын қосымша комиссияларды жойдық. Нәтижесінде, банкоматтардың саны 2,5 есе өсіп, екі банктің клиенттері ел бойынша банкоматтардың ірі жүйелерінің біріне қол жеткізді. Яғни, 2008 құрылғыны пайдалана алады.

 

ҚКБ мен БТА –дан біріккен банкте адамдық және технологиялық ресурстар шоғырланып, айрықша потенциалға ие. Бұл өз кезегінде болашақта лидерлік ұстанымды нығайтуға және біздің клиенттерімізге ең жақсы өнімдер мен шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді».

 

Жаңа акционер, БТА Банк директорлар Кеңесінің басшысы Кеңес Ракишев:

 

«Бүгін, біз, еліміздің көне қаржы институтының- БТА Банкінің ғана емес, жалпы банк секторының тарихында бір бетті аударып тастады. Аталған мәміле, Қазақстанның банктік жүйесін тұрақтандыру және қорғау үшін мемлекеттің дағдарыс кезеңінде көрсеткен көмегін өз мәресіне жеткізді. Мұндай шемінің дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеді. Нәтижесінде, БТА Банкінің тағдыры отандық инвесторлардың қолына қалғаны үшін мен қуаныштымын, және де жаңа акционерлердің келешекте біріккен банктің жұмысында тек үздік банктік тәжірбиелерді қолдайтынына сенімдімін. БТА Банкінің барлық клиенттерін шыдамдылығы мен банкті қолдағандары үшін алғысымды білдіремін».

 

Қазкоммерцбанк жайында

 

«Казкоммерцбанк» АҚ Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Банктің 2014 жылғы 31 наурыздағы ақпарат бойынша активтері 2 779 млрд. теңгені құрады. Банк, бөлімшелерінің филиалдық желісі арқылы Қазақстанның 45-қаласында қаржылық қызметтердің кең түрін ұсынады. Сонымен қатар, Банктің Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында еншілес банктері бар.

 

Банктің ірі қатысушылары: «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ,
Н.С. Субханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Банктің акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (KASE) ресми тізіміне енгізілген. Негізгі активтері болып банк акциялары табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) Лондон қор биржасының (ЛҚБ) листингінде орналастырылған. Банк ТМД банктерінің қатарында бірінші болып 2006 жылғы қарашада 845 млн. АҚШ доллары сомасына Лондон Қор Биржасында ЖДК нысаны бойынша IPO аяқтады.

 

Кеңес Ракишев жайында

 

Ракишев Кеңес Хамитұлы, 34 жаста, кәсіпкер, венчурлік инвестор, SAT & Company өнеркәсіптік холдинг директорлар Кеңесінің төрағасы, NASDAQ жоғары технологиялы биржаға шыққан қазақстандық капиталы бар алғашқы американдық компания - Net Element директорлар Кеңесінің төрағасы, Ресейдегі ең ірі Fastlane Ventures венчурлік қоры директорлары Кеңесінің мүшесі. Ол робот құрастыру индустриясы саласындағы әлеуетті технологияларға негізделген Genesis Angels жаһандық венчурлік қордың құрушылардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, LSE сауда жасайтын Central Asian Metals plc (CAML) акцияларының 20% үлесі бар атқарушы емес директоры.

 

Standard (бұдан бұрын — «Астана-Финанс» СК) сақтандыру компаниясының 22,34% үлесі бар ең ірі акционері. 2013 жылдың наурыз айында «Банк Астана-Финанс» АҚ ірі қатысушысының статусын алды. Ол қайырымдылық және меценаттық жұмыстарымен кеңінен танымал әрі қазақстандық спортты белсенді қолдаушылардың бірі.

 

БТА Банк туралы

 

БТА Банкі – қазақстандық ірі банктерінің бірі. «Қазкоммерцбанк» АҚ мен К. Ракишев жасалған мәмілеге дейін оның негізгі акционері 97,28 % үлесі бар «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ танытуындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылған. Банктің клиенттік қоры 646,2 мыңға жуық жеке және 77,9 мыңға жуық корпоративтік клиенттерінен құралады, Қазақстан бойынша 19 филиалы мен 174 бөлімшесі бар.

 

2013 жылы БТА тобының таза пайдасы 7,5 млрд теңгені құрады (ҚЕХС бойынша шоғырландырылған аудиттелмеген есептің деректеріне сәйкес). Топтың активтері 2012 жылдың соңындағы дәрежеге сәйкес келіп, 1 603 млрд теңгені құрады. Топтың меншікті капиталы 4,3 % ұлғайып, 280,2 млрд теңгеге жетті.

 

Қазкоммерцбанктегі байланыс үшін:

 

Әлия Нұрсипатова, Инвесторлармен байланыс бөлімі

 

Тел.: +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz

 

Лариса Коковинец, Бұқарамен байланыс департаментінің директоры

 

Тел.: +7 (727) 258-54-56, E-mail: pr@kkb.kz

 

БТА Банктегі байланыс үшін:

 

Илья Боровой, PR және жарнама қызметінің жетекшісі

 

БТА Банкінің PR және жарнама Департаменті

 

Тел.: +7(727) 266-43-22, E-mail: iborovoy@bta.kz

 

Меруерт Бердыбаева, департамент Общественных связей

920 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы