• Қаржы
  • 01 Желтоқсан, 2011

Салық та сауаттылықты қажет етеді

Еліміздің Қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысында бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесіне сәйкес, Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкіміне қарасты нысанның бекітілуін бұйырған болатын. Министрдің тапсырмасына сәйкес, аталмыш бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратыла бастады.

Жеке меншік және шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер арасында салық қызметінің осы бір түріне деген түсінбеушіліктер жиі ұшырасып жатқандықтан, оқырмандар сауалына салық мамандарының берген жауабын ұсынып отырмыз.

* * *

- Жуырда салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы ескертпе алдым. Өзімнің шағын кәсіпкерлікпен айналысқаныма көп уақыт бола қоймады. Осы жағдайды түсіндіріп берсеңіз?

Мұхтарбек Ордабаев, жеке кәсіпкер

Шығыс Қазақстан облысы

Азаматтың бұл сауалына салық басқармасының жетекші салық инспекторы А. Б. Қадырбеков жауап берді:

- ҚР «Салық кодексінің» 612-бабында салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жайында айтылған. Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 3-тармақшасында аталған салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.

Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

2. Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиіс.

3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

4. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

* * *

Салықты уақытында төлемеген жағдайда, салық төлеушінің мүлікке билік етуі шектетіледі ме?

Айбала Арыстанбаева

Алматы облысы

Оқырман сауалына салық басқармасының бас салық инспекторы Б. Т. Әлиасқаров жауап береді:

- Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу ҚР «Салық кодексінің» 613-бабында көрсетілген. Біріншіден, салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi:

1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күн­нен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген;

2) мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне шағым жасаған жағдайларда жүргiзедi.

Бұл ретте салық органы осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетiлген жағдайда осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 5-тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарлама жiбермей-ақ, осы бапта белгiленген тәртiппен салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың шағым жасалған сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлкiне билiк етуiне шектеу салады. Иелiк етуге шектеу қоюға қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң негiзгi құрал-жабдығы және (немесе) жылжымайтын мүлiкке инвестиция болып табылатын мүлкi ғана жатады.

2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеу туралы шешiм осы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлiкке қатысты шығарылады.

Осы баптың 1-тармағы 2-тармақшасында көзделген жағдайда мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм шығару кезiнде қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң негiзгi құрал-жабдығы және (немесе) жылжымайтын мүлiкке инвестиция болып табылатын мүлкi ғана билiк етуге шектеуге жатады.

3. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы:

1) осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетiлген жағдайда – мұндай шешiм шығарылған күнгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шотында бар деректер бойынша салық берешегi сомасында;

2) осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетiлген жағдайда – осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 2-тармақшасында көзделген салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер және өсiмпұлдар сомасында қабылдайды.

4. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің негізінде салық төлеушіге (салық агентінің) мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіле отырып, мүлік тізімдемесінің актісі жасалады.

Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есепке алу деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүргізілетін есепте белгіленген құн нарықтық құн болып табылады.

Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда екі дана етіп жасалатын актімен ресімделеді.

Мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық төлеуші (салық агенті) мұндай мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін танысу үшін табыс етуге міндетті. Мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мүлік тізімдемесінің актісіне қоса тіркеледі.

Мүлік тізімдемесінің актісіне оны толтырған адам, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) лауазымды адамы қол қояды. Мүлік тізімдемесі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүлік тізімдемесінің актісін салық органында тіркеу бір нөмірмен жүргізіледі.

Мүлік тізімдемесінің актісі соның негізінде жасалған салық төлеушінің мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күші жойылуымен бір мезгілде күшін жояды.

5. Салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болады. Салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Осы талаптарды сақтамаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша болған шығындарды өтеуге міндетті.

6. Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.

7. Уәкілетті органдарда тіркелуге тиіс мүлікке құқықтардың ауырт­палығын тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

8. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомаларын өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жояды.

708 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы