• Бизнес & Қоғам
  • 01 Желтоқсан, 2011

Қазақстанда жасалған жиһаздар Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Бүгінгі күні елімізде кенже дамып отырған саланың бірі – жиһаз жасау. Ел нарығын жаулап алған шетелдік өнімдер отандық өндірушілердің қатарға қосылуына көп қиындық тудырып отыр. Дегенмен импорттық өнімдерге мықты бәсекелес бола білген қазақстандық компаниялар да жоқ емес. Соның бірі Қазақстанда жасалған деген «таңбамен» жиһаз жасаушы – «Торнадо PLUS» ЖШС.

Қазақстан нарығында жылдар бойы жұмысын үзбей келе жатқан санаулы компанияның арасындағы «Торнадо PLUS» ЖШС ел нарығында 1994 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Бастапқыда алып-сатар шағын фирма ретінде құрылған компания бүгінгі күнге дейін үлкен кәсіби жолдан өтіп, еліміздегі корпусты жиһаз жасаушы мықтылармен иық тірестіре тұр.

Ел нарығында үздіксіз еңбек етіп келген 17 жыл ішінде «Торнадо PLUS» ЖШС-ында өз ісін жетік меңгерген білікті де, білімді мамандардан жасақталған үлкен шығармашылық топ қалыптасты. Әрине, мұндай топтың өз кезегінде компанияның бір қосуы бола отырып, өндірісте де үлкен рөл атқаратыны айтпаса да түсінікті жайт. Бүгінгі күннің қас қағым сәтте-ақ сан түрлі жаңалықпен толығып, қай саланың болмасын, жаңарып отыратынын ескерген компания басшылығы оқу бағдарламалары негізінде жас мамандармен қоса, талай жылдар еңбек етіп келе жатқан шеберлердің де шеберлігін арттырып, білімдерін жетілдіріп отыруды әдетке айналдырған.

Жыл сайын Қазақстанның арнайы зертханаларында сертификаттау сынамаларынан өтетін компания өнімдері қауіпсіздік нормаларына толық жауап беретіндігі мен сапасының жоғары екендігі туралы сертификаттарға ие. Оның ішінде Халықаралық «ISO 9001 : 2000» стандартының талаптарына сай келетін сапа менеджменті жүйесінің де сертификаты бар.

2005 жылы компанияны Алматы қаласындағы кәсіпорындар арасынан өнімнің жоғары сапасы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен сол кездегі қала әкімі И. Тасмағанбетов марапаттаса, 2006 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаев өнім сапасына ерекше мән берген кәсіпорынға алғыс хатын жолдады.

Компания бүгінде кеңсе және үй жиһаздарының бір-біріне мүлде ұқсамайтын бес жүзден астам жаңа түрін өндіріске енгізген. Бұл – компания үшін үлкен жетістік. Жылдар бойы біраз тәжірибе жинақтаған шеберлер кеңсе және үй жиһазының түрлі үлгісін қарастыра отырып, оны негізгі 4 кезең бойынша Италия мен Германияның озық технологияларының көмегімен жасайды. Тек ағашпен ғана емес, сондай-ақ металмен де жұмыс жасайтын компания темір шарбақтар, торлар мен қақпалардың да түр-түріне әбден машықтанған.

Тұтынушының талап-тілектерін бірінші орынға қоятын компания тапсырыс берушінің кез келген сұранысын қанағаттандырып, қиялындағы жиһазын құрастырып беруге дайын. Ол үшін ойыңыздағыны айтып, шеберлерге жиһаздың сұлбасын сызуға көмектесіп жіберсеңіз болғаны. Берілген тапсырысқа сай жиһаз да уақытылы үйіңізде болады. Тұтынушыларының көңілін қалдырмаған компания бүгінде «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, Халықаралық Алматы әуежайы, «Қуат», «Базис-А» сияқты жүздеген үлкенді-кішілі корпорация, компаниялармен, Тұңғыш Президент мектебі, ҚазҰУ, ҚБТУ, ҚазМҰУ сияқты бірнеше жоғары оқу орындары мен мектептермен, сауда орталықтарымен, қонақ үйлер мен демалыс орындарымен, банктермен бірлесе жұмыс істеп, әріптестік қарым-қатынас орнатқан.

613 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы