• Бизнес & Қоғам
  • 01 Желтоқсан, 2011

Жергілікті тауардың көптігі қуантады Мақпал САҒЫНДЫҚ

«Қазақстанда жасалған» деген атпен елімізде шығатын өнімдердің көптігі бүгінде халықты қуантады. Белгілі бір өнімнің сыртын қаптап, орамдайтын затты шығару да қажетті құрал-жабдықтардың көмегімен іске асатыны анық. Өнімнің осы түрін шығаратын зауыт Павлодар қаласынан жеткізілетіндігін көбісі біле бермейді.

2006 жылы құрылған «Гофротара зауыты» - Павлодар қаласындағы әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты көздейтін беделді кәсіпорындардың бірі. Бұл кәсіпорында үш қабатты гофрокартон өнімдері мен құс фабрикаларына қажетті жұмыртқа салатын қораптар шығарылады. Гофрокартоннан жасалатын қағаз қораптарға алуан түрлі тағамдарды орауға, сондай-ақ үй шаруашылығына қатысты заттарды да салуға болады. Отандық өндірушілерді өз өнімімен қамтамасыз етіп отырған зауыт болашақта Орталық Азия мен Өзбекстан елдеріне де эскпорттауды жоспарлауда.

Индустрияландыру бағдарламасы негізінде Павлодар облысында 42 жоба қарастырылған болатын. Бүгінгі уақытта өңірдегі инновациялық жобалар саны 142-ге жетіп, жалпы құны 1 трлн теңгені құрап отыр. Аталмыш өндіріс ошағы да осы бағдарлама шеңберінде үлкен қарқынмен жұмыс істеуде. Индустрияландыру картасы аясында өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында кәсіпорынға Тайвань мен Германия, Қытай елдерінен автоматты желілер, өндіріс қондырғылары әкелінді. Су жаңа құрылғыларды пайдалану арқасында зауыттың қуаттылығы бүгінде айына 2 млн шаршы метр өнім өндіруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл көрсеткіш гофрокартон шығарудың екінші желісін іске қосқанда оң нәтижесін берді. Кәсіпорын қызметі жайында зауыт директоры Гүлнар Қайдарова: «Өндіріс көлемін одан әрі дамытуды қолға алуда бірталай жұмыстар атқарылып жатыр. Басты жоспарымыз да осы – өнім түрін барынша көбейту арқылы сапалы жетістікке қол жеткізу болмақ», - дейді.

Білікті қызметкерлер қатарына қосылған 30 жұмысшы да бірден өндіріс орнына еңбекке тартылып, қызмет етуде. Халықаралық стандартқа сай негізделген зауыт толығымен заманауи технологиямен жабдықталған.

466 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы