• Аймақ
  • 29 Қазан, 2014

Мақсат – еңбек идеясын жүзеге асыру

«Еңбек  етсең   ерінбей, тояды  қарның   тіленбей» – деп Абай  атамыз  айтқандай, Ақтөбе облысындағы №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының мектеп ауласында «Мектепке жол» акциясы аясында «Алтын масақ-2014» жәрмеңкесі өткізілді. Көкөністің қай-қайсысыда болсын айрықша күтімді, соның ішінде су нәрін аса қажет ететіндігі белгілі. Мектеп учаскесінде өсіріліп-өндірілген табиғи көкөністер мен ата-аналардың күшімен дайындалған өнім түрлері сатылды. Оқушылар өздері өсіріп баптаған көкөніс өнімдерін үлкен қызығушылықпен жәрмеңкеге ұсынды.

Түскен табыс көзі есебінен аз қамтылған отбасыларының оқушыларына оқу  құралдары мен мектеп формалары табысталды.

Бұл мектеп-учаскесі екі жылдан бері өз жұмысын атқарып келеді, нәтижесінде былтырғы оқу жылында «Бизнес жоспар» идея жобасында 500000 мың теңге ұтыс  грантына ие болды. Ақшаны сол мектеп учаскесіне жаратып, нәтижесін осы  ұйымдастырылған жәрмеңкеде көрсете білді. Бұл мектеп учаскесінің негізгі мақсаты  оқушыларға кәсіби бағдар беру, еңбек идеясын жүзеге асыру, қоғамдық өмірге бейімдеу. Бұл идеяның негізін қалаушы технолгия пәнінің мұғалімі Н.С.Жақыбаев.
Мектеп-учаскесінде картоп, шалқан, кәді, асқабақ, қызылша көкөністері өсірілді. Нәтижесінде осы учаскеде еңбек практикасында өзін ерекше көрсете білген мектептің 7 сынып оқушысы Рауан Берікбаев «Балдәурен» сауықтыру орталығына жіберілді.
Экономикалық негіздері және қаржылық сауат­тылығы жағынан оқушыларға бұл учаске жұмысы үлкен серпіліс беруде. Оқушылар жұмыс уақытын терең ұғынып, қаржы көзінің қандай үлкен еңбекпен келетіндігін ба­ғалай білуде.

К.С.Қамысбаева,
№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының
технология пәнінің мұғалімі,
Ақтөбе облысы

689 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы