• Аймақ
  • 05 Қараша, 2014

Балқаш көлін сақтап қалуда маңызды жұмыстар атқарылды

Өңірде Балқаш көлін сақтау мақсатында маңызды жұмыстар жүргізілді.  Қаратал өзенінен Балқашқа дейін өзекті кәріз арнасының жүргізілуі бұрын-соңды көлге жетпей келген өзен суының еш кедергісіз құйылуына мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Амандық Баталов аумақты тікұшақпен аралап, Қаратал өзені арнасындағы жағдай мен ондағы жаңадан жүргізілген арнаның ахуалын бақылап қайтты.
Осы уақытқа дейін өзен арнасының шайылып, ендік жағынан жайылуына байланысты Қаратал өзені Балқаш маңы құмдарында сіңіп келген. Соңғы 10 жыл ішінде экожүйеге де бірқатар залал келтірілді. Судағы балық көлемі азайып, жергілікті балық өндіру шаруашылықтарының жұмыстары тоқтап қалды.
«Өзен арнасын тазартып, өзекті каналды тарту арқылы Балқаш көліне секундына 90 куб өзен суы құйылады. Осы арқылы біз Балқаш көлін сақтап қаламыз», – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Керімбек Орынбаев.
Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстарды оңтайлы жүргізу үшін арнайы мелиоратор мамандардан топ құрылып, жаңа техникалар сатып алынған болатын. Оған облыстық бюджет есебінен 300 млн-ға жуық қаржы бөлінді.

Қаратал-2
Негізгі жұмыс шілде айында басталып бүгінгі күні түбегейлі аяқталды. Жүргізілген жұмыстар барысында өзен арнасы құмайт топырақтан тазартылды, қамыстар кесілді. 13 шақырымға созылған өзеннің ені тазартылып, тереңдетілді.
Жұмыс жоспары барысында өзеннің басқа да арналарын тазарту жұмыстары қолға алынбақ. Мамандардың айтуы бойынша мүндай жұмыстар өңірдегі экожүйенің сақталуына септігін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар Балқаш көлін сақтауға да өз ықпалын тигізеді. Атқарылған шара барысында көлдің бұрын-соңды жоғалтып келген су бөлігі қалыпқа келтірілді.
Сапар соңында облыс әкімі Амандық Баталов қолайлы орын ауыстыратын кеме іспеттес экскаватормен қатар басқа да қосымша қажетті техникалар сатып алуды тапсырып, өңірдегі тазалауды қажет ететін барлық өзен арналарын қарап шығуды тапсырды.

Сағыныш НАМАЗШАМОВА,
Алматы облысы

631 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы