• Аймақ
  • 05 Қараша, 2014

СҰЛУ СЫРДЫҢ АҚ МАРЖАНЫ Қызылорда облысы күріштен рекордтық өнім алды

Сыр өңірінің диқандары биыл тағы да ерледі. Облыс бойынша аса бағалы дақыл – күріштің әр гектарынан 51 центнерден  өнім алынып, отан қоймасына 395 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды.

Бұл еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғары рекордтық көрсеткіш. Осы жетістік туралы «Алтын күз-2014» мерекелік шарасында Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық күріш өндірушілер мен  қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Абзал Ералиев өзінің Елбасына арнаған Үндеуінде мәлім етті.
– Сіз «Алаштың анасына» балаған Сыр өңірінің әр саласында серпінді даму бар. Бүгін­де кіші Аралдың айдыны шалқып, ТМД елдері­мен қатар Еуропаға дейін балық өнім­дері экспорт­талуда. Еуропа мен Азияның түйісу айма­ғында орналасқан Қазақстанның көлік­тік әлеуетін тиімді пайдалану үшін Сіздің баста­ма­ңыз­бен салынған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі аймақта өндірілген ауыл шаруа­­шылығы өнімдерін таяу және алыс шетелдерге тасымалдауға мүмкіндік туғызып, саланың өркендеуіне жаңа қарқын беріп отыр, – деп мәлімдейд Абзал Жұмашұлы өз Үндеуінде.
Сыр өңірінде  басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарынан межелі өнім алынды. Келесі жылдың егісі үшін қажетті тұқым қоры құйылып алынып, төрт түлік малдың қысқа қажетті азығы да толық дайындалды.Облыс бой- ынша ірі қара мал 263,4 мың басты құрап, уақ малдың саны 609,4 мыңға жетті. Сүт өнімдерінің көрсеткіші 104 пайызға өскен.
«Алтын күз-2014» мерекелік шарасында облыс әкімі Қ.Көшербаев  облыстың ауыл шаруа­шылығы саласының еңбек озаттарын 27 түрлі номинациямен марапаттап, оларға 150 мың теңгенің ақшалай және заттай сыйлықтарын табыстады.Сонымен қатар  «Мал шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен» – Жаңа­қорған ауданы, «Егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен» – Жалағаш ауданы,  «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде үздік жетістіктерге жеткен» – Шиелі аудандары марапатталды. Ал, «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ең  жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Үздік аудан» номинациясы бойынша белгіленген  Бірінші дәрежелі дипломды Сырдария ауданы иемденді.
Сұлу Сырдың ақ маржаны – күріштің даңқын асырған диқандарға қандай құрмет жасалса да артық емес. Өйткені, күріш дақылын өсіріп, оны суарып, баптаудың өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктері көп. Сондықтан да «Сыр күріші – ел ырысы» деген қанатты сөзді халық бекер айтпаған.

Ибрагим Бекмаханұлы

742 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы