• Аймақ
  • 12 Қараша, 2014

Өңір басшысы денсаулық сақтау мекемелерін аралады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс орталығындағы медицина мекемелерін аралап, ондағы денсаулық сақтау сала­сында шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелермен танысты, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, аталған мекемелердің алдында абат­тандыру жұмыстарын жүр­гізіп, аурухана аумағын қалыпқа келтіруді, жұмыс жасамай тұрған ескі аурухана ғимараттарын бұзып, тиісінше күрделі жөндеу талап етіп тұрған мекемелердің тізімін нақтылауды тапсырды.
Содан кейін облыс әкімі қаладағы «Әйелдер кеңесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында болып, онда 1 дәрігерге 250-ге жуық адамнан келетіндіктен облыс орталығынан бұдан бөлек тағы да жоғарыда аталған бағыттағы мекемелерді көбейту қажеттігін жеткізді (2014 жылдың қазанындағы мәлімет бойынша Талдықорған қаласында 71 000-нан астам әйел тұрады).
Келесі кезекте Амандық Баталов облыстық аурухана қызметімен танысқанда, әсіресе жан сақтау бөлімдерінде медициналық құрылғыларды жаңартып, алдағы уақытта оған жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Басқа қалаларға ем іздеп бармау үшін бүгінгі таңда біздің медицина мекемелерінде үздік медициналық құрылғылар мен жаңа технологиялар қолданылуы тиіс. Елбасымыз сапалы медициналық қызмет көрсетуге баса көңіл бөлуде. Сол үшін де осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, емделушілерге көрсетілетін қам­қорлықты тұрақты түрде жүзеге асыру қажет. Қарттар мен балаларға деген қызмет түріне  ерекше көңіл бөліп, өңір тұрғындарының еш қиындықсыз біздің мекемелерде емделуіне жағдай туғызуымыз керек, – деп мәлімдеді облыс әкімі А.Баталов.
Өңір басшысы денсаулық сақтау орындарын аралап болған соң тиісті мекеме басшыларына бірқатар ескертпелер жасап, медициналық мекемелердің жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Салтанат НАМАЗШАМОВА

519 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы