• Мәдениет & Спорт
  • 25 Қаңтар, 2018

Табысты өнер көрсетті

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Словенияда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды.

А.Полторанин өзінің оң жамбасына келетін классикалық әдіспен 15 шақырым қашықтықта жарысудан қамшы салдырмай, мәреге бірінші болып жетті. Екінші орын алған норвегиялық Йоханнес Хоэсфлёт Клэбо Алексейден 13,2 секундқа қалып қойды. А.Полтораниннен 42,8 секундқа кейін келген швециялық Калле Хальварссон үздік үштікті түйіндеді. Бұл – қазақстандық шаңғышының Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада қарсаңында маусымдық жарыстардағы төртінші жүлдесі. Бұдан бұрын ол Италияның Тоблах қаласында әлем кубогы кезеңінде 15 шақырым қашықтықта классикалық тәсілмен ізге түсіп жарысуда қола жүлдегер атанса, жаңа жыл алдында Ленцерхайдеде (Швейцария) «Тур де Ски» кезеңінде классикалық әдіспен 15 шақырым қашықтықта жүгіруде мәреге екінші болып жеткен болатын. Сосын Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында «Тур де Ски» кезеңінде бұл қашықтықта классикалық әдіспен көпшілік жарыста талай мықтыны артқа қалдырып, чемпион атанған еді. Сөйтіп Алексей Полторанин қысқы олимпиадаға дайындығы жақсы екендігін көрсетуде. Әрине, ең басты мақсат та төрт жылда бір рет өтетін айтулы додада топ жару екендігі белгілі.

Нұрлан ҚҰМАР

945 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы