• Цифрлы Қазақстан
  • 07 Маусым, 2018

Сауда смартфон сипағанша

Жетпісбай Бекболатұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУкафедра меңгерушісі e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz

Ел Үкіметінің қаулысымен өткен жылдың соңында өмірге енген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасының басты мақсаты цифрлық технологияларды дамыту арқылы экономиканың бәсекелестігін және тұрғындардың өмір сапасын арттыру болып табылады. Аталған бағдарламамен бірге осынау заманауи үрдістен еншісі бөлінбеген электрондық сауданы дамытудың да жол картасы әзірленді. Өзге әдістермен қатар смартфонмен де жасалатын мұндай сауда нарығының көлемі ресми статистика деректеріне сәйкес былтыр107 млрд теңгені құрады. Бұл бөлшек тауар айналымы жалпы көлемінің 1,2 пайызы болып табылады. Жедел деректерге сәйкес 2018 жылдың алғашқы бес айындағы электрондық сауда нарығының көлемі101 млрд теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын құрады, сөйтіп екі есе өсім байқалды. Жалпы алғанда 2018 жылдың басынан бері 110 жаңа электрондық сауда нысандары тіркелді. Қазір нарықта 1700 интернет-дүкен жұмыс жасауда, сатып алушылар саны 1,5 млн адамға дейін өсті. Аталған салада жұмыс істейтіндер өсімі 37 мың адамды құрады. Мұның арқасында жеткізілген тауар көлемі бойынша нарық 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7 млн данадан 12 млн данаға дейін, яғни 58 пайызға өсті. Электрондық саудаға неғұрлым кең көлемде қатысушы тарту үшін мүдделі ұйымдар бірлесіп, «үстеме төлем» қолдану жөніндегі мәселені пысықтады. Қабылданған жаңа Салық кодексі шеңберінде «интернет-дүкен», «интернет-алаң», «тауарлармен электрондық сауда» атау сөздері анықталды, электрондық сауда саласындағы корпоративтік және жеке табыс салығын төлеуден түскен кірістерден босатуға қатысты салықтық жеңілдіктер күшіне енді. Бұл үшін мәмілелерді электрондық түрде рәсімдеу, тауарларға ақы төлеуді қолма-қол ақшасыз жүргізу, тауарды сатып алушыға жеткізу қызметімен немесе логистикалық компаниялармен келісім-шарттың болуы сияқты талаптар белгіленді, қажетті заңға тәуелді актілер қабылданды. Бүгінде төлемдердің кемінде 90 пайызы қолма-қолсыз жүргізілуде, мұның өзі жеңілдік алудың негізгі шартының бірі болып табылады. Төлемдер мен төлем жүйесі туралы заңнамаға сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым саналатын «Қазпошта» акционерлік қоғамы үстеме төлем көмегімен тауарларға ақы төлеуді қабылдай алады. Аталған міндетті жүзеге асыру үшін банктермен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен төлем агенттері ретінде келісім-шарт жасасу қажет болады. Осы орайда қолма-қолсыз ақша төлемдерінің үлесін арттыру мақсатында банктік және банктік емес төлем жүйелерін дамыту үшін Ұлттық банкпен бірлесіп, ұялы телефонды пайдалану арқылы жүргізілетін жылдам төлем жүйесінің жобасы әзірленді. Жүйе ұялы телефон нөмірі бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, төлемдерді жылдам рәсімдеу және алушыға ақша аудару, тәулік бойы жұмыс істеу, банкаралық комиссиялардың болмауы сияқты талаптарға негізделеді. Жүйені пилоттық тәртіпте тестілеу үстіміздегі жылғы тамыз айында жоспарланып отыр. Банктік емес төлемдерге келетін болсақ, «Қазпошта» акционерлік қоғамы базасында «электрондық әмиян» құрылады. Тұтынушы «Post.kz» сайтында тіркеліп, электрондық әмиянды ашады, оны «Қазпошта» акционерлік қоғамының картасымен немесе басқа банктің картасымен толықтыра алады. Электрондық әмиян осы жылдың жазында іске қосылып, ұялы байланыс, мемлекеттік қызмет, айыппұл, салық, коммуналдық қызметті төлеу үшін қолданылады. «Қазпошта» акционерлік қоғамы алдағы уақытта «электрондық әмиянды» электрондық саудада тауар өткізу үшін қолдануды жоспарлап отыр, оны пилоттық іске қосу үстіміздегі жылғы тамызға белгіленген. Биылғы жылы логистика инфрақұрылымын дамыту үшін Астана мен Алматы қалаларында екі Fullfilment орталығы құрылып, олар арқылы 170 мыңнан кем емес жөнелтім жіберу көзделген. Қазір «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдау көрсету шеңберінде ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету, оның ішінде интернет бизнесін құрып, жүргізу бойынша оқытуды бастады. Қазіргі таңда 911 шағын және орта бизнес нысандарына кеңес беріліп, жыл соңына дейін 15 000 шағын және орта кәсіпкерлерді оқыту жоспарлануда. Осы ретте электрондық коммерциядағы бизнес құзыреттілігін арттыру үшін «Қазпошта» акционерлік қоғамы негізінде Астана қаласында алғашқы электрондық коммерция орталығы ашылды, ол дайын онлайн-дүкендерді құру мен оқыту бойынша қызмет көрсетеді. Жалпы алғанда биыл 1000 бизнес нысанын оқыту жоспарлануда. Логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру үшін «Қазпошта» акционерлік қоғамы Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында Е-коммерц орталықтары мен фулфилмент-орталықтарын құруды жоспарлауда. Осы­ның арқасында өңделген жөнелтілімдер санын 20 пайыз­ға, яғни 5,148 миллионнан 6 миллионға дейін ұлғайтып, Қазақстанға жеткізілу уақытын 15 күннен 6 күнге дейін және белгілі бір бағыттар бойынша экспресс-пошта арқылы 1 күнге дейін қысқарту жобаланып отыр. Сондай-ақ электрондық сауданы жетілдіру мақсатында ауылдық елді мекендерде кең жолақты интернетке қолжетімділікті арттырып, оларды жерсеріктік технологиялармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

1984 рет

көрсетілді

40

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы