• Цифрлы Қазақстан
  • 06 Тамыз, 2018

ҚазМұнайГаз: Төлемдер ыңғайлы бола түсті

Көліктен шықпай жанармай құюдың әдісі қандай?

Сандық технологиялар барған сайын отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің, ынтымақтастықтың анық та түсінікті ережелері есебінен бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етудің пәрменді құралына айналуда. Жаңа цифрлық шынайылыққа бейімделу мақсатындағы тапсырмаларды іске асыру аясында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС «Цифрлық жанармай құю станциялары» жобасын іске қосты.

Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта әлемдегі төлемдердің жартысы смартфондар арқылы жүргізілетін болады. Сондықтан да қарқынды даму, инновация жолындағы компаниялар өз клиенттеріне қолайлы болу үшін төлем жасаудың барынша жетілдірілген тәсілдерін енгізіп, игеруде. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу саласындағы озық технологиялар енді жанармай құю станцияларында да қолданыла бастады. Елімізде алғаш рет «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю станцияларында мұнай өнімдерін босату кассирдің қатысуынсыз жүргізілуде. Енді «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станциялары желісінің клиенттері автокөліктерінен шықпай жанар-майға төлем жасай алады. Автомобиль иесі тек мобильді қосымша орнатып, оған банктік картаны бекітсе, жеткілікті. Мобильді интернет сенімді қамтылған аймақта жанармай құю станцияларына келгенде клиент смартфондағы геопозиция көмегімен автоматты түрде өзінің тұрған жерін анықтайды. Әрі қарай тек отын-тарату бағанының нөмірі, отын түрі және литрмен қажетті көлемі немесе ақшалай түріндегі сомасын теру ғана қалады. Бұдан кейін жүйеде автоматты түрде отын тарату бағаны қосылып, автомобильге жанармайдың тапсырыс берілген көлемі құйылатын болады. Құюды жүзеге асырған-нан кейін жүйе фискальді дерек-терімен электрондық чекті жолдайды. Автокөлік иелері үшін басты артықшылық – ол кез-келген басқа қаладан жанармайға қашықтан төлем жасау мүмкін-дігінің болуы. Сондай-ақ мобильді қосымшада толық бак құю түрі мұқият пысықталған және көлем кем құйылған жағдайда клиенттің картасына соманы қайтаруға кепілдік берілген.

Бұл жаңашылдықты «Қаз-МұнайГаз Өнімдері» мен Forte-Bank бірлесе ұсынып отыр. Жаңа жобада жетекші мұнай компанияларының тәжірибесі, сондай-ақ банк саласын-дағы алдыңғы қатарлы технологиялар, классикалық ритейл және электронды коммерция тәжірибесі алынған. Оған жанармайды бөлшек сауда арқылы сату саласында алғаш қолданылатын бірқатар инновациялық шешімдер енеді. Жүйені таныстыру барысында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының операциялық басқару жөніндегі орынбасары А.Кәрібаев оның негізгі артықшылықтары туралы әңгімеледі. – Біз клиенттерге көрсетілетін қызметтердің ыңғайлы, оңай және сапалы болуы үшін жаңа технологияларды енгізуге ұмтыламыз. Жаңа жоба электрондық талондар жүйесін енгізумен және штрих-кодтардың көмегімен төлем жасауды бірлесіп пайдаланумен басталған цифрлық өнімдерді дамыту бойынша біздің жұмысымыздың жалғасы болды. Қазақстандық автокөлікшілер жаңа қызметтің артықшылығын бағалайды деп сенеміз, – деді ол. ForteBank басқарма төрағасы-ның орынбасары Ж.Мамутовтың айтуынша, ForteBank пластикалық карталарын ұстаушылар үшін жағымды бонус – 5% СashВack мобильді қосымшадағы сатып алу үшін де есептеледі. – Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында өз үлесімізді енгізуге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Бұл қосымша автокөлік иелері арасында кең тарайды деген сенімдеміз, – деп атап өтті ол. Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов та аталған жаңа-шылдықты жоғары бағалады. Оның айтуынша, бастапқыда бір ғана пилотты жобаны жүзеге асыру көзделсе, қазір жүйеге 330-дан аса станция көшіп отыр.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

1533 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы