• Цифрлы Қазақстан
  • 31 Қаңтар, 2019

Телефон нөмірі арқылы...

Жаңа қызметке бірінші болып Нұрбанк қосылып отыр

Mastercard Қазақстанда ыңғайлы, оңай әрі қауіпсіз аударымдарды жасауға арналған технологиялық платформаны іске қосып, енді қазақстандық банктер өздерінің клиенттеріне – карта иелеріне телефон нөмірі арқылы аударым жасау мүмкіндігін ұсынып отыр.

Нұрбанк осы инновациялық платформаға бірінші болып қосы­лып, телефон нөмірі арқылы Нұр­банк пен басқа қазақстандық банктердің карталары арасында ақша аударуға, сондай-ақ, телефон нөмірі арқылы басқа банк­тердің карта иелеріне аударымдарды алуға мүмкіндік беретін қыз­метті алғашқы болып іске қосып отыр. Енді жақындарыңыз бен достарыңызға қажетті ақша сома­сын жіберу үшін мобильдік теле­­фон нөмірін білу ғана жеткі­лікті. Ақшаны қазақстандық банк­тер шығарған Mastercard\Maestro және Visa карталары арасында аударуға болады. Қызметті қолдану үшін www.nurbank.kz сайтындағы «NURPay» тарауына кіріп, кейін «ҚР-дағы кез келген банктің картасына аудару» тарауына өтіп, өз картаңыздың нөмірін енгізіп, кейін ақшаны алатын адамның телефон нөмірі мен аударым сомасын жазуыңыз қажет. Ақшаны алатын адамға Mastercard төлем жүйесінің порталына сілтеме салынған SMS-хабарлама жіберіледі де, порталда SMS-пен келген кодты көрсетіп, аударымды алғаш алып жатқан кезде өз картаның нөмірін енгізіп, аударымды қабылдауға болады. Қорғалған төлем жүйесінің порталына тіркеліп, қажет бол­ған­да профильдің баптауларын өзгертуге аударымды алушыда мүмкіндік бар. Телефон нөмірі арқылы келген аударымдарды, мысалы, жалақы картасына автоматты түрде аударатындай етіп баптап қоюға да болады. Осы тұста картаны үнсіз келісім бойынша белгілеп қоюдың қажеті жоқ, аударымды немесе бірнеше аударымдарды сол мезетте таңдаған картаға бірден аударуға болады. Нұрбанк басқарма төрағасы Эльдар Сәрсеновтың айтуынша, осы қызметтің келесі кезеңін, яғни электрондық пошта мекенжайы және «ВКонтакте», «Одноклассники» әлеуметтік желілеріндегі профиль арқылы ақша аудару мүмкіндігін іске қосу жоспарланған. Нұрбанк картасынан басқа банктердің картасына қаржы бірден түседі немесе алушы банкке байланысты бір жұмыс күнінен үш жұмыс күніне дейін уақыт кетуі мүмкін. Ақшаны Нұрбанк картасынан басқа банктердің дебеттік карталарына телефон нөмірі арқылы аудару тегін, ал Нұрбанктің несиелік картасынан қаржы аудару үшін комиссия алынады. Айта кету керек, «Нұрбанк» АҚ 1992 жылдың жаз мезгілін­де Атырауда құрылған. 2003 жылы банктің бас бөлімшесі Алматыға ауысты. Қысқа мерзім ішінде «Нұрбанк» АҚ шағын өңірлік банктен республикалық деңгейдегі банкке дейін дамып үлгерді. Қазіргі таңда «Нұрбанк» АҚ банк қыз­мет­терінің барлық түрлерін ұсынады. Банк кең филиалдар желісін құрған: Қазақстанның барлық басты аймақтарында 16 филиалы, банк қызметтерін көрсе­тетін 81 әмбебап орталық және фи­лиалдардың қосымша ғимарат­тары бар. Өз клиенттеріне барынша жайлы қызмет көрсету мақ­сатында банк клиенттер базасын қолдауға арналған өз ин­фрақұрылымына тұрақты түрде айтарлықтай қаржы құйып отырады. MasterCard (NYSE: MA) https://www.mastercard.kz/ru-kz.html – жаһандық төлем индустриясында қызмет жасайтын технологиялық компания. MasterCard 210-нан аса ел мен аумақта тұтынушыларды, қаржылық институттар мен сау­да ұйымдарын, үкіметтік және іскерлік құрылымдарды байланыстырып, төлемдерді өңдеудің әлемдегі ең жылдам желісін бас­қарып отыр. MasterCard өнім­дері мен шешімдері зат сатып алу, саяхаттау, бизнес жүргізу және қаржыны басқару секілді күнделікті міндеттерді оңай, қауіпсіз әрі барынша тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

684 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы