• Аймақ
  • 05 Наурыз, 2020

Агрохимияның айшықты рөлі

Жер тыңайса – өнім молаяды

Жоғары деңгейлі астық дақылдарын алумен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың бірден-бір кепілі – топырақта қажетті көлемде қоректік заттардың болуы. Бұл ретте агрохимия саласының көмегімен топырақ құнарлылығын арттыру, агрохимия өнімдерін ішкі тұтынуды ұлғайту жалпы ауыл шаруашылығының өнімділігі мен кірістілігіне әсер етеді. 

Жерді тыңайту мен өсімдік­терді түрлі аурулардан қорғау өнім көлемінің ұлғаюына әкелетіні, жем құрамын жақ­сарту ет, сүт және басқа да ауылшаруашылық өнімде­рінің сапасын жоғары­лата­тыны адамзатқа ертеден аян. Ал бү­гінде үдемелі жыл­дам­­дықпен өзгеріп жатқан за­ман жерді пайдаланудың, өсімдік және мал шаруашы­лығын өркендетудің дәс­түр­лі тәсілдерін өзгер­туге мәжбүрлеуде. Осы орай­да әлемдегі ең ірі фосфо­ритті бассейндердің біріне ие еліміздің химия ин­дустриясының орталығы – Жамбыл облысында Азия агро­химиялық форумы бе­сінші жыл қатарынан өткі­зіліп отыр. Мұндай іс-шара агроөнеркәсіптік және агро­химиялық бизнесті жүр­гізудің алдыңғы қатарлы әдістерін, тыңайтқыштарды қолданудың заманауи жүйе­лерін және агро­номиялық ғылымды дамыту мен таратудың ма­ңызды мәселелерін талқы­лауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Азиядағы агрохимия сала­­сы­ның мамандарына арнал­ған алаң құру, алдыңғы қатар­лы әдістерді насихаттау, пікір­талас, іскерлік келіссөздер жасау мен көшбасшылық бай­ла­ныс орнату – Орталық Азия­да агрохимия нарығын да­мы­тудың құрамдас бөлігі болады.

Өз елімізбен бірге, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Литваның ауылшаруашылық құрылымдары мен минералды тыңайтқыштардың зауыт-өндірушілері, барлығы 500-ден аса делегат қатысқан ауқымды шараға минералды тыңайтқыштардың ірі өндірушілері – «Қазфосфат», «ЕвроХим», «ҚазАзот» компаниялары және «Маркер Групп» ақпараттық-талдау компаниясы бастамашы болды. Форумға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, сөз сөйледі. – Химия өнеркәсібі үшін пайдалы қазбалар қорының 75 пайызы Жамбыл облысында шоғырланған, өнеркәсіп өнімдері экспортының 30 пайызы «Қазфосфат» ЖШС зауыттарына тиесілі. Агрохимия заманауи ауыл шаруашылығын дамытуда шешуші рөл атқарады. Сәйкесінше, бұл форум еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға серпін береді деп сенемін, – деді Б.Сапарбаев делегаттарға. Кез-келген елдің, әсіресе, ауыл шаруашылығы бағытындағы елдің экономикасы үшін минералды тыңайтқыштардың маңыздылығы баршаға белгілі. Осы есептен аграрлық сектордағы еңбек өнімділігін арттыруды, өндірісті ұлғайтуды мақсат етіп отырған еліміз үшін минералды тыңайтқыштарды тұтынуға көп көңіл бөлінетіні түсінікті. – Жамбыл облысы бүкіл Қазақ­станды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ете алады. Бұл үшін бізде мүмкіндіктер жеткілікті. Біз аймақта дақылдардың шығымдылығын арттыру үшін минералды тыңайт­қыштар өндіру қарқынын үнемі арттырып отырған «Қазфосфат» компаниясын жан-жақты қолдаймыз. Сонымен қатар «ЕвроХим» АҚ-пен бірлесіп құны шамамен бір миллиард доллар болатын ірі жоба жүзеге асырылуда, – деп атап өтті облыс әкімі. Ал ауыл шаруашылығы басқар­масының басшысы Берік Нығмашев минералды тыңайтқыштардың қол­данылуын арттыру үшін арнайы карта қабылданғанын мәлім етті. Өткен жылы топырақта тыңайтқыштарды қолдану деңгейі 22 пайызды құрап, бұл елдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі болды. Өткен жылы осы мақсатқа 900 миллион теңге, биыл 1 миллиард теңге бөлінген және бұл көрсеткішті 25 пайызға жеткізу көзделіп отір. Аймақтағы шаруа қожалығының басшысы Хамитулла Байназаров қант қызылшасы мен тұқымын өсіру үшін минералды тыңайтқыштар сатып алуға субсидия көлемін көбейту, сондай-ақ оны күз кезінде емес, көктемгі егіс алдында бергізу мәселесін көтерді. Агроөнеркәсіптік кешені іскерлік кеңесінің басшысы Арман Евниев негізгі мақсаты – алдағы онжылдықта ауыл шаруашылығы өнімділігін ең жақсы көрсеткіштері бар 30 елдің деңгейіне жеткізу болып табылатын «Агроиндустриялық Қазақстан-2030» стратегиялық бастамасы жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді. Облыс басшысы өңірлік кластер құру идеясын қолдайтынын жеткізді. Б.Сапарбаев кооперативтер құру мәселесіне ерекше тоқталып, қазіргі таңда Жамбыл облысында әрқайсысы 5-10 гектардан тұратын 18 мыңнан астам шаруа қожалықтары бар болса, олардың айналым капиталы, жаб­дықтар, жоғары сапалы тұқымдар мен тыңайтқыштар сатып алу мүмкіндігі жоқтығын, енді бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізілетінін айтты. Агрофорумда фермерлер үшін өсімдік шаруашылығындағы суб­сидиялаудың кейбір тәсілдері, ор­нықты ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы, фосфогипс тиім­ділігі, еліміздегі агрохимиялық индустрияның бүгінгі жағдайы, минералды тыңайтқыштар сервисі, жарма және өнеркәсіптік дақыл­дар өсіруге инновациялық техноло­гия­ларды қолдану, сондай-ақ эконо­микалық тиімділікті ескере отырып, дақылдарды таңдау жөніндегі өзекті тақырыптар қозғалды. – Әлі күнге дейін топыраққа қажетті тыңайтқыш мөлшерін қол­данған кезде Кеңес одағы кезінен қалған артықшылықтарды пайда­лануға тырысамыз. Қазақстанда то­пырақ құнарлылығының сарқылу проблемасы бұрыннан өзекті. Елде бос қалған жерлер бар. Сондықтан ғалымдар да, өндірушілер де өз тәжіри­белері мен білімдерін фермерлермен бөлісуге дайын. Егер біз анағұрлым тиімді жұмыс істегіміз келсе, онда бұл жерлерге минералды тыңайтқыштар мен қорғаныс құрал­дарын енгізуіміз керек. Жерге ти­гізген пайдамыздың бәрі ауыл шар­уа­шылығының дамуына ық­пал етеді. Осы іске жергілікті шаруа қо­жалықтарының белсенді қатысқаны жөн-ақ, – деді «Казфосфат» компа­ния­сының басшысы Мұқаш Ескен­діров. Бүгінде қазақстандық аграршылар егін егу үшін орта есеппен 5 кг ты­ңайт­қышты пайдаланады. Көрші Қыр­ғызстанда бұл 20 кг шамасында, яғни, олардан төрт есе артта келеміз. Жерді тыңайтпай, жоғары нәтижеге жету мүмкін емес. «Қазфосфат» басшысы осыған назар аударды. Форум аясында қатысушылар «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытына барып, он­дағы жаңғырту жұмыстарымен, ми­нералды тыңайтқыштар өндірісімен танысты.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

684 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы