• Аймақ
  • 14 Мамыр, 2020

Құрылысқа мемлекет көңіл бөледі

Құрылыс секторы инвестициялық қолдаудан кенже қалды: жүйедегі күрделі қаржы жұмсалымы «карантиндік» бірінші тоқсанда екі еседен астам салымға тұралаған. COVID-19 індетіне байланысты құрылыстағы іркіліске жол бермеу үшін мемлекет тиісті шаралар қабылдап отыр, деп жазады www.finprom.kz сайты.

2020 жылдың қаңтар-наурызында ҚР-дағы құрылыс саласына капиталдық инвес­тиция бар-жоғы 11,82 млрд тг құраған, сөйтіп, былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыс­тырғанда – 51,7%-ға (ИФО – 46,7%) кем шыққан. Қа­зақ­­стан бойынша меншікті капи­талға инвестициялардың барлық көлемінің тек 0,51%-ы ғана осы сектордағы күрделі қаржы жұмсалымын қамтып отыр. Күрделі қаржы жұмсалымының 94,3%-ы құрылысты салушы­лардың жеке қаржылары есебі­нен, 1,6%-ы – банктік кредит­тер есебінен, 4,1%-ы – басқа да қарыз қаражаттар есебінен қам­тамасыз етілген. Аймақтар арасында сектордағы күрделі қаржы жұмсалымдары бойынша Атырау (3,3 млрд тг, жыл бойынша минус 65,7%) және Алматы (2,1 млрд тг, минус 52,6%) облыстары көш бастап отыр. Үздік үштікті Алматы қаласы қорытындылайды: 1,3 млрд тг, жылға шаққанда минус 18,5%. Құрылыс секторына салымдар өсімі 17 аймақтың 5-еуінде ғана байқалады. Соған қарамастан құрылыс секторындағы жұмыстар көлемі үш айда 456,1 млрд теңгеге жеткен – 2019 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 13%-ға (403,7 млрд тг) артық (1-инфографика).

ҚР Индустрия және инфра­құры­лымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шар­уашылық істері комитеті «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде құрылыс саласын қолдауға арналған бірқатар шаралар қарастырылғанын хабарлайды. Мәселен, әкімдіктер мұқтаж азаматтар үшін жеке құрылыс салушылардан дайын тұрғын үй сатып алуға мүмкіндіктері бар. Осы мақсатта ағымдағы жылы 4 мыңнан аса пәтер алуға 35 млрд тг қарастырылған. Республикалық бюджеттен қаражат белгіленген шектеулер бойынша (1 шаршы метріне 140–180 мың теңге) бөлінетін болады. Сонымен қатар әкімдіктер тұрғын үйлерді сатып алғанда шығындарды жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыра алады. Сондай-ақ ҚР-да қаржы­ландыру­дың барлық көздері­нен жаңа 14 млн шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Әкімдіктер мемлекеттік инвестициялар есебінен 269 млрд теңгеге әлеу­меттік тұрғын үй және тұрғын жайлар құрылысы аудандарына инфрақұрылым тарту бойынша 730 жобаларды іске асыруды жоспарлаған. Құрылыстың ағымдағы көлемдерін қолдау үшін Ұлттық банк «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на, кезекте тұрғандар үшін әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлер құрылысын қаржыландыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алуға жылдық есепте 4%-бен 180 млрд теңге қосымша қаражат бөлді (2-инфографика).

Исатай ҚАМБАРОВ

462 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы