• Билік
  • 14 Мамыр, 2020

Табиғаттың сыйын бағалау керек

Қазақстан Президенті Алматы қаласына сапары барысында шаһардағы Бас ботаникалық бақты аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас ботаникалық бақты қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаланың дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматының экологиялық жағдайы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар «Верный капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов Алматы дендрариясын қайта жөндеу жобасының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры­ның бірлескен жұмыстарын жо­ғары бағалады. Мемлекет басшысы ботаникалық бақтың қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұрынғыдай негізгі демалыс орындарының біріне айналуы қажет екенін айтты. – Ботаникалық бақ – ал­ма­­тылықтар мен қазақстан­дықтар үшін, әсіресе осында туып өсіп, жастық шағын өткізгендер үшін танымал жер. Алматы тұрғындарын осы аумақты сақтауға, оған өз үйіндей қарауға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.

229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы