• Аймақ
  • 21 Мамыр, 2020

Денсаулықты күту – әр адамның қоғам алдындағы борышы

«Сандж» зерттеу орталығы Қазақстанның ірі қалаларының тұрғындары арасында темекі өнімдерін тұтынудың таралуы туралы зерттеудің қорытындысын жариялады. Сонымен қатар, темекіні қыздыру жүйелері шылым шегуден бас тартуға ықпал ете ме деген сауалға жауап табу да басты назарға алынды.

Қазақстандықтар арасында ең көп таралған табак өнімдері ретінде дәстүрлі темекі есептеледі – оларды үш қаладағы ересек жастағы халықтың 31,6%-ы тұтынады. Таралуы бойынша екінші топтағы табак өнімдері – кальян, сигаралар, темекі түтіктері (6,2%), әсіресе 18-29 жас тобында танымал (10,9%). Темекіні қыздыру жүйесін ересек халықтың тек 4,9% ғана, ал электронды темекіні – 1,5% пайдаланады. Бұл ретте қазақстандықтардың табак өнімдерін тұтынуды табыс­ты тоқтатқан тобында теме­кіні қыздыру жүйелерін пайдалану­шылардың саны жалпы табак өнімдерін пайдаланушыларға қарағанда жоғары. Орталық талдаушысы Шынар Смағұлованың пікірінше, «Бұл темекіні қыздыру жүйелеріне тәуелділіктің аздығын және оларды пайдаланушылар үшін темекі өнімдерінен толық бас тарту жеңіл келетінін көрсетеді, дегенмен түпкілікті кесіп айту қиын, себебі іріктелген жиынтықта темекі өнімдерін тұтынуды тастағандар санының аздығына байланысты – барлығы 49 респондент. Біздің Орталықтың ұстанымын бірден атап өткім келеді – біз салауатты өмір салтын қолдаймыз және зиянды әдеттерге жоламауға шақырамыз. Біз адамдар үшін шылым шегуден бас тартуға көмектесетін әдістерді іздеу маңызды екенін түсінеміз. Темекіні қыздыру құрылғылары сияқты шылым шегудің баламалары бәлкім, аз тәуелділікті қалыптастырады, алайда мәселенің анық-қанығына жету үшін көптеген зерттеулер қажет». Орталық мәліметтерін талдау Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы ересек жастағы халықтың 35,7%-ы табак өнімдерінің тұрақты пайдаланушылары екендігін көрсетті, бұл ретте күн сайын 29,8%-ы табак өнімдерін тұтынады. Елордада темекі өнімдерін пайдаланушылардың саны (29%) Алматы және Шымкентпен (әрқайсысында 38%-дан) салыстырғанда аз. Ерлердің жартысынан көбі – 51,8%, әйелдердің – 22,4%-ы темекі өнімдерін тұтынады. Бұл ретте 40-49 жастағы адамдар ең көп шылым шегетін топ болып шықты (осы жас санатында сұралғандардың арасында құрамында табак бар өнімдерді 41,4% тұтынады), ал темекіні ең аз шегетін топ – 50 және одан жоғары жастағы адамдар (25,7%). Зерттеудің тағы бір маңызды нәтижесі – қазақстандықтардың қандай табак өнімдерінен тұтынуды бастайтыны туралы деректер. 89,7% жағдайда – бұл дәстүрлі сигареттер, 6%-да – бұл басқа да табак өнімдері, атап айтқанда, кальяндар, сигаралар, темекі түтіктері, ал темекіні қыздыру жүйелерінің үлесіне 0,5% келеді. Зерттеу 18 және одан жоғары жастағы еліміздің ең ірі қалалары – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындарын қамтыды, барлығы 5 210 адамнан сауалнама алынды, жынысы мен жасы бойынша іріктеу осы қалалардың тұрғындарына қатысты репрезентативті болды. «Сандж» зерттеу орталығы – халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін, үкіметтік емес сектормен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын және бизнеске кәсіби қызмет көрсететін Қазақстандағы ірі зерттеу компанияларының бірі. Бұл зерттеу «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының тапсырысы бойынша жүргізілді, ол Philip Morris International жаһандық компаниясының бір бөлігі болып табылады. Компания бүгінгі таңда зиянды төмендету әлеуеті бар түтінсіз темекі және никотині бар өнімдерді дайындауға және жылжытуға баса назар аударады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы