• Аймақ
  • 28 Мамыр, 2020

Қамқорлық – қайырымды қоғамның қағидасы

SANTO компаниясы еліміздің бірқатар емдеу мекемелері мен ұйымдарына дәрі-дәрмектерді, қорғану және зарарсыздандыру құралдарын жеткізу арқылы коронавирус пандемиясына қарсы күрестің алдыңғы шебіндегі медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті.

Коронавирус індеті адамзат үшін үлкен сынаққа айналды. Соңғы жүз жылда алғаш рет барлық елдердің адамдары жұқ­палы аурудың жаппай таралуы тек өз денсаулығына ғана емес, сондай-ақ өміріне де нақты қауіп төндіретініне көз жеткізді. Қауіп аймағына, зерттелмеген COVID-19 вирусымен тең емес күреске бірінші болып дәрігерлер, медицина қызметкерлері түсті. Жұқтыру статистикасы бойын­ша, дәрігерлер вирус жұқ­ты­рылған адамдардың жалпы санының үштен бір бөлігін құрауы мүмкін. Қауіпті вирустың таралуы біз­дің медицина қызметкерлеріміз үшін басты қатер болды. Себебі медицина қызметкерлері емде­лу­шілермен, оның ішінде коро­навирус жұқтыруы мүмкін нау­қастармен тұрақты бай­ла­ныс­та болады. Сонымен қатар ауру­ханаларда, жоғары қажет­тілік жағдайында қорғау құрал­дарын пайдалану себебінен олар­дың тапшылығы пайда болды. Сондықтан SANTO компаниясы денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі бола отырып, медицина қызметкерлеріне қорғану құралдарын жеткізуді өз басымдықтарының бірі ретінде таңдады. SANTO компаниясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым­кент қалаларының медицина қызметкерлеріне жеке қорғау құралдарын (визор маска­лары, обаға қарсы костюмдер, медициналық қолғаптар мен маскалар) және Шымкент қала­сындағы әскери бөлім үшін антисептикалық құрал­дарды жеткізді. Сондай-ақ ком­пания Шымкент қалалық кардио­логиялық орталығына және Алматы ғибадатханаларының бірін­дегі қарттар үйіне дәрі-дәр­мек­терді тапсырды. «COVID-19 адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті. Вирус Қазақстанның барлық аймақтарына тарады. Мемлекет халықты қорғауға бар­лық күш-жігерді жұмсады және біз оң нәтижелерді көріп отырмыз. SANTO компаниясы да шетте қалмады және емделушілердің денсаулығына жауапты бола отырып, барлық қажетті шара­ларды қабылдады, дәрі-дәрмек өндірісін жалғастырды және өндіріс көлемін арттырды. Бар­лық елдер өзін-өзі оқшаулауға тап болған жағдайда, Қазақстан пациенттерінің отандық тиімді және сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі өте маңызды. Сонымен қатар, SANTO компа­ния­сы біздің заманымыздың батырларына – дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне көмек ретінде 100 000 АҚШ дол­ларын бөлді. Осылайша, біз дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне алғыс білдіргіміз келеді. Олар адамдардың өмірін сақтап, емделушілердің сауығуына үнемі қамқорлық жасауда. Бүгін өзара көмек және бір-бірімізге қолдау көрсету өте маңызды, тек жалпы күш-жігермен вирусты жеңе аламыз», – деп атап өтті Santo компаниясының бас директоры Ижи Урбанец. SANTO Member of Polpharma Group сауда маркасы бар «Химфарм» АҚ – Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ бен Орта Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma халықаралық фармацевтикалық топтың мүшесі болып табылады. Компания Қа­зақстан мен Орта Азия нарық­тарына жоғары сапалы қол жетімді дәрілік заттарды дайындап шыға­рады және жеткізеді. Қазіргі таңда SANTO компаниясы қазақстан­дық фармацевтикалық өндірушілер арасында жетекші орында. Ком­панияның қоржынына тера­пияның әр түрлі салаларында ауру­ларды емдеуге арналған 12 фар­ма­котерапиялық топтарда 240 ге­нерикалық препараттар кіреді. Компания 8 елдің – Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжік­стан нарықтарына экспортты жүзеге асырады және ішкі нарық­тың қажеттілігін қамтамасыз етеді.

НҰРЛАН ҚҰМАР

377 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы