• Аймақ
  • 28 Мамыр, 2020

Экономикалық ахуал қалай өрбімек?

Жетпісбай Бекболатұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz

Ғаламдық нарық қазір әрі-сәрі күй кешуде. Covid-19 коронавирусының ауқымды таралуына, геосаяси тәуекелдердің сақталуына, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарындағы шиеленіске байланысты әлемдік экономикадағы ахуал нашарлап, белгісіздік артуда. 2020 жылдың басында мұнайдың әлемдік бағасы біртіндеп төмендеді. 2019 жылғы желтоқсанда ол орташа алғанда бір баррель үшін 65,3 АҚШ долларын құрады, 2020 жылғы ақпанда баға бір баррель үшін 55,5 АҚШ долларына дейін төмендеді. 2020 жылғы 9 наурызда ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемінің төмендеуі туралы келісімге қол жеткізбегеннен кейін мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 33-34 АҚШ долларына дейін күрт төмендеп, ең төменгі 24,5 АҚШ доллары мәніне жетті. Сонымен қатар, Сovid-19 коронавирусының Қытайдан тыс жаппай таралуы өндірістік тізбек­терді бұза отырып және жаһандық сауда, инвес­тициялық және туристік ағындарға кедергі келтіріп, жаһанданудың одан әрі дамуына қауіп төндіруде. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Еуропалық одақтың, Қытай мен Ресейдің негізгі сауда әріптес­теріне көзқарас елдердің экономикалық өсу қар­қынының орта мерзімді бағаларының баяулауы жағынан қайта қаралды. Жаһандық экономиканың даму келешегінің нашарлауына, сұраныстың төмендеуіне және әлемдік тауар нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюіне байланысты Қазақстан Ұлттық банкі базалық сценарийді брент маркалы мұнай бағасының бір баррелі үшін 60 АҚШ долларынан 35 АҚШ долларына дейін қайта қарады. Ұлттық банктің бағалауына сәйкес, 2020 жылы таза экспорттың қысқаруы аясында ішкі сұраныстың қалыпты өсуімен қоса жүретін Қазақстандағы экономикалық белсенділіктің баяулауы орын алатын болады. 2020 жылы салық-бюджет саясатының әлеуметтік бағыты сақталады, осыған байланысты үй шаруашылықтарының сұранысына халықтың нақты кірістерінің өсуі және жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетілмек. Өнеркәсіптегі инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыру жағдайында жалпы жинақтаудың қалыпты өсуі болжанып отыр. Осы талаптарда нақты импорттың өсу қарқыны 2019 жылмен салыстырғанда анағұрлым қалыпты болады. Нақты экспорттың тежеуші серпініне қазақстандық экспорттық өнімнің негізгі тұтынушылары болып табылатын Қытай мен Еуропалық одақ тарапынан сұраныстың әлсіз болуы ықпал етуде. Әлемдік тауар нарықтарындағы баға ахуалы экспорт серпіні үшін тағы бір теріс фактор болып табылады. 2021 жылы ішкі жалпы өнімнің өсуі аздап жылдамдайды. Тұтыну белсенділігіне халықтың нақты кірістері мен тұтынушылық кредиттеудің қалыпты ұлғаюы арқылы қолдау көрсетілетін болады. Инвестициялық белсенділік ішкі және сыртқы сұраныстың өсуі, сондай-ақ жаһандық инфрақұрылымдық жобаларды, мұнай-газ саласы мен тұрғын үй құрылысындағы жобаларды іске асыру нәтижесінде қалпына келтіріледі. Экспорттың өсуіне Қазақстанның сауда әріптес­­терінің ішкі жалпы өнімнің неғұрлым жоғары өсу қарқыны аясында сыртқы сұраныстың біртіндеп қалпына келуі ықпал етпек. Импорт ішкі тұтыну және инвестициялық сұранысты қалпына келтіру салдарынан орташа өсу қарқынын көрсететін болады. 2020 жылы инфляциялық үдерістердің жеделдеуі күтілуде. Мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы және теңгенің айырбастау бағамының әлсіреуі 2020 жылғы наурыздың басында инфляцияның нысаналы дәліздің жоғары шегінен шығу қаупін арттырды. Айырбастау бағамын ауыстырудыі ең үлкен әсері оларды тұтынудағы импорттың жоғары үлесіне байланысты азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасынан күтілуде. 2020 жылы азық-түліктік инфляцияның серпініне екі түрлі бағыттағы фактор әсер етпек. Бір жағынан, импорттық жеткізілімдер құнының өсуі және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының азық-түлік индексінің одан әрі өсуін күту жалғасады. Екінші жағынан, жылдық инфляцияның есебінен ет және нан-тоқаш өнімдері бағасының кемуі нәтижесінде осы өнімдер нарығындағы баға өсуінің баяулауы жоғарыда көрсетілген сыртқы факторлардың теріс әсерін төмендетеді. Инфляцияға жоғары қысым импорттық бағалардың ұлғаюы мен жаңа вирустың таралуы аясында жеткізу тізбегінің бұзылуынан туындап отыр. Орта мерзімді келешекте айырбастау бағамын ішкі бағаларға ауыстыру нәтижесінің жойылуына қарай азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы өсуінің инфляцияның есебінен кемуі нәтижесінде инфляция біртіндеп баяуламақ. Қосымша дезинфляциялық әсер ішкі сұраныстың қалыпты серпінін көрсететін болады. Азық-түлік тауарларына әлемдік бағаның өсу тәуекелі біршама артты, бұл Африка мен Азияда шегірткенің шабуылы салдарынан азық-түлік дақылдары егістіктерінің жойылу қаупі аясында өндірістің әлемдік тұтынудан ықтимал асуымен байланысты туындап отыр. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының болжамдарына сәйкес, 2019-2020 жылдардағы ауыл шаруашылығы маусымында дәнді дақылдардың әлемдік қоры жемдік дәнді дақылдар мен күріш қорының күтілетін төмендеуі аясында қысқарады. Бұл дәнді дақылдардың әлемдік бағасының өсуіне әкеліп соғып, Қазақстандағы азық-түлік инфляциясының дезинфляциялық серпінін тежеуі мүмкін. Белгісіздіктің ішкі факторларына Қытайдан тұтынушылық және аралық импортты жеткізудің ықтимал бұзылуына орай тәуекелі күшейген жекелеген тауар нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімсіздігінің туындауын жатқызуға болады.

371 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы