• Цифрлы Қазақстан
  • 06 Тамыз, 2020

Әлеуетті серіктестік үшін ынтымақтастық орнатты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Майкрософт» Қазақстан оқу процесінің сапасын жақсарту және цифрландыру арқылы қазақстандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беруді цифрлық түрлендіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.

Осы мақсатта тараптар өзара түсіністік туралы меморан­думға қол қойды. Ниеттерге сәйкес, білім беруді цифрлық түрлендіру саласындағы әле­уетті ынтымақтастық келесі бағыттарды қамтыды. Білім бе­руді цифрлық түрлендіру сала­сын­­дағы ынтымақтастықты кеңейту және дамыту; Қазақ­стан Респуб­­ликасы білім беру жүйе­­сінің педагогтары мен оқушы­ларының цифрлық сауаттылы­ғын, цифрлық дағ­дылары мен құзыреттілігін арттыру; Ин­клюзивті білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту; Білім беру цифрлық бағдар­ламалары мен бағдарла­ма­лық-техникалық шешім­дер­ді ілгерілетуге бағытталған бір­лескен жобалар­ды әзірлеу және өткізу; Тәжіри­бе алмасу және «Microsoft» корпо­рация­­­сының білім беруді түрлен­дірудегі үздік әлемдік тәжіри­белерін ұсыну. «Цифрлық технологиясыз заманауи білім беру мүмкін емес. Мектептерде 1-сынып­тан бастап балалар цифрлық техно­логия­ларды оқи бас­тайды, сәл кейі­нірек алго­ритмдер мен бағдарла­малау басталады. Осылай барлық деңгейлерде. Тіпті универ­ситет­тердегі пәнаралық ба­ғыттар компьютерлік ғы­лым­дарды зерттейді. Мемо­ран­думға қол қою «Microsoft» компаниясымен «цифрлық білім беруді» құру бағытындағы жұмыстың жалғасы болып табылады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы­ның білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

58 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Жаһандық экономикалық дағдарысқа қалай қарсы тұра аламыз?
Келесі мақала Басты мақсат – құқықбұзушылықты болдырмау

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №47

19 Қараша, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ахас Қайырұлы Тәжутов

“TENGE MONITOR” апталық газетінің бас редакторы