• Цифрлы Қазақстан
  • 13 Тамыз, 2020

Басты мақсат – құқықбұзушылықты болдырмау

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО аумағында заңсыз әрекеттің жолын кесу үшін алдын алу шараларын жүргізді.

Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының бас­шылығы, қауіпсіздік жөнін­дегі өкіл, полиция қыз­меткерлері және Арнайы жедел әрекет ету жасағының жауынгерлері қатысты. Шара ұйымдастырушылары авто­көлік иелерін мамандан­дырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары аума­ғында өз қызметтерін ұсынатын делдалдарға сенбеуге шақырды. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпо­рациясының Алматы қала­сындағы филиалы құқық­бұзушылықты бол­дырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қа­тысуымен жүйелі түрде осындай іс-шаралар өткізіп тұрады. Анықталған құқық­бұзу­шылық фактілері болып жатса, филиалдың қауіпсіздік қызметі ішкі тергеу жүргізіп, кінәлілерге тәртіптік жаза қолданылады. Бұл жолы да ХҚО аумағында делдалдар­дың заңсыз әрекеттерін бол­дырмау мақсатында ал­дын алу шараларын жүргіздік. Сонымен қатар, карантин кезіндегі сақтық шараларын, әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию қажеттілігі жайлы түсіндірдік», – деді филиал директоры Данияр Қырықбаев.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

1539 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы