• Білім & Ғылым
  • 20 Тамыз, 2020

Аналарға құрмет көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының Алатау аудандық фронт-офисі соңғы екі айда 3,5 мыңға жуық өтініш қабылдаған. Бұл туралы филиал директоры Данияр Қырықбаев өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Алматы қаласының Ха­лыққа қызмет көрсету бойын­ша №1 Алатау аудандық бөлімі карантин кезінде клиенттерді дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды. Осы қиын кезеңде бөлім күніне 15-20-дан астам элек­трон­дық өтініштерді қа­был­дап, өңдеуде. Сондай-ақ, алдын ала жазылу бойынша фронт-офисте де азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Бөлім карантин кезіндегі соңғы екі айда 3,5 мыңға жуық өтініш қабылдапты. Атап айтқанда, «Жүктілік пен боса­нуға байланысты табы­сынан ай­рылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем» бойынша – 1000 өтініш, «Бала туғанда және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау» қызметі бойынша – 1013 өтініш, «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзге­рістер, толықтырулар мен түзе­тулер енгізу» бойынша – 1150 өтініш қабылдаған. Жуырда бөлім қызмет­кер­лері болашақ аналар мен Алатау ауданының кейбір ата-аналарын сәбилерінің дүниеге келуімен құттықтады. Салтанатты түрде Туу туралы куәліктер табыс етілді.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы