• Білім & Ғылым
  • 20 Тамыз, 2020

Карантин кезінде күйзеліске түспеу үшін не істеуге болады?

ЮНИСЕФ қазақстандықтарға COVID-19 пандемиясы кезінде жедел психологиялық көмек алуға қолдау көрсетуде. Соңғы үш айда 276 адам жедел онлайн психологиялық көмекті алды, және 5000-нан астам мектеп психологтары мен психикалық денсаулықты сақтау аясындағы мамандар арнайы оқудан өтті.

COVID-19 пандемиясы мил­лион­даған балалар мен олар­дың отбасыларының өмірін түбегейлі өзгертіп, халықтың маза­сыздығын, күйзелісі мен сенім­сіз­дігін арттырды. Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (РПДҒПО) ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, Citi қайы­рымдылық қорының қаржылық қолдауымен COVID-19 індеті уақытында жергілікті халыққа ақпарат беретін, психология­лық көмек пен қолдауға байла­нысты қажеттіліктерді қанағаттан­дыратын жеке онлайн-кеңес беретін, платформа ретінде қыз­мет жасайтын арнайы сайтты (https://covid-19.mentalcenter.kz) ашты. Онлайн-кеңестерден бөлек, психологтардың кәсіби әлеуетін арттыру мен дамыту мақсатында арнайы білім беру бағдарламасын іске қосты. «Бұл теңдесі жоқ уақытта, ба­лалар мен олардың отбасылары­ның өміріне коронавирустың таралуы үлкен әсер еткен уа­қытта, психологиялық қолдау ка­ран­тин мен оқшаулау кезіндегі пси­хикалық денсаулықты сақтауда шешуші рөлді атқаруда», – деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілі Артур ван Дизен. – Осы бастамалар мен барлық серіктестердің бірлесуінің арқа­сында біз 276-дан астам жеке онлайн-сессияларды ұйымдас­тыра алдық. Онлайн консуль­тациялар қашықтықтан психоло­гиялық қолдау бойынша кәсіби дағдыларды дамытумен қатар жүруде. Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдерге, отбасыларға, COVID-19-бен күреске белсенді қатысқан денсаулық сақтау ма­ман­дарына және жақындарынан айырылған адамдарға психикалық қолдау мен психикалық денсау­лықты нығайту бойынша психо­лог­тардың әлеуетін күшейту үшін 50-ден астам сессия өткізілді. Біз осындай қолдауды кеңейтіп, одан да көп мұқтаж отбасыларды қамтуға тырысамыз». 2020 жылдың көктемінде іске қосылған сайтта барлық ақпа­раттық және кеңес беру қыз­меттері қазақ және орыс тілде­рінде жүргізілуде. Сайттың ішінен күйзелісті басқару және өзіне-өзі көмек көрсету әдістері бойынша практикалық ұсыныстар мен кеңестерді табуға болады. Сайттағы ұсыныстар мен ақпарат келесі мақсатты топтарға: балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ олардың отбасыларына; мүмкіндіктері шектеулі адамдарға; COVID-19-бен күресте белсенді атсалысып жүрген медицина қызметкерлеріне; оқшаулануда отырған адамдарға; қарт адамдарға бағытталған. Арнайы 58 маман бүкіл елдегі 100-ден астам психологтардың, психотерапевтер мен психиатр­лардың арасынан іріктеліп алынды. «Біз барлық ата-аналар мен балаларға егер қандай да бір сұрақтар мен мәселелер туындаған жағдайда еркін және анонимді түрде психологиялық көмек пен қолдау алу үшін осы веб-сайтқа кіруді ұсынамыз. Бұл сайттан сіз күйзеліс пен алаңдаушылықты жеңілдету, өзіңіздің көңіл күйіңізді жақсарту үшін және балаңызбен қалай сөйлесуге байланысты пай­далы әрі қарапайым кеңестерді таба аласыз», – деп бөлісті жастар мен жасөспірімдерді дамыту жө­ніндегі бағдарлама үйлестірушісі Айгүл Кадирова. – Егер қандай-да бір себептермен веб-сайтқа кіру мүмкін болмаса, ата-аналар мен жасөспірімдер әрдайым мек­теп психологымен байланыса алады немесе Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 жедел желісіне немесе «150» сенім телефонына қоңырау шала алады (WhatsApp +77081060810 немесе веб-сайте www.telefon150.kz арқылы). Ең бастысы – мойымау, өзіңізге және балаңызға көмектесуге талпыну». Жақында Білім және ғылым министрлігі (БҒМ), РПДҒПО және ЮНИСЕФ-тің бірлескен жоспарына сәйкес іс жүргізу мен қадағалау бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынатын мектеп психологтары үшін жаңа сайт ашылды. Жоспар еліміздің он жеті аймағындағы мектеп психо­лог­тары үшін онлайн-тренинг­терді қамтыды. Онлайн оқыту бағдарламасы АҚШ ха­лық­ара­лық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен ұйым­дастырылды. Мамандарға ар­налған практикалық кеңестер мен жаттығуларды қамтитын үш оқу құралы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Бүгінгі күні мектептер мен колледждердің психологтары үшін 49 онлайн семинар өткізіліп, оған 7 960 адам қатысты. Вебинарларға қатысушылар қазақ және орыс тілдеріндегі презентациялардың жеңіл түрде берілуін, материалдардың өзек­тілігі мен уақытылығын, соны­мен қатар тренерлердің жоғары дең­гейін айрықша бағалады. «Алматы облысының барлық психологтарының атынан мен осы вебинарларды ұйымдас­тырушыларға үлкен алғысымды айтқым келеді. Осы ақпаратты біз күнделікті өмірімізде және жұмысымызда қолдана аламыз, өйткені оқытушылар осы жаңа білім мен дағдыларды өте тиімді, әрі жинақы етіп бере алды», – деді Алматы облысы бойынша педагогикалық психологтардың үйлестірушісі Динара Жардем­бекқызы.

Нұрлан ҚҰМАР

470 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы