• Ақпарат
  • 09 Қыркүйек, 2020

Халықаралық жоғары талаптарға жауап беретін үлгі керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, оларды қылмыстық қудалауға негізсіз тартуды тоқтатуға, сот әділдігінің сапасына ерекше мән берді.

Мемлекет басшысы еліміздегі бү­гінгі ахуал құқық қорғау органда­ры­ның алдына азаматтардың сұраныс­тарына ықылас танытуға тиіс жаңа талаптар қоятынын атап көрсетті.
Осыған орай, Президент құқық қорғау және сот жүйесін одан әрі реформалау бойынша тапсырмалар берді. Бұл мемлекеттілігімізді нығайтудағы маңызды қадам деп санаймын, өйткені күш құрылымдарындағы реформа Қазақстандағы бүкіл мемлекеттік бас­қару жүйесін жаңғыртудың маңыз­ды бөлшегінің драйвері болмақ.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтынын атап көрсетті.
Құқық қорғау жүйесін реформалау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының ережелерімен үйлесімдікте болуға тиіс екенін атап өткен де маңызды. Өйткені «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз, ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет.
Еліміздегі қазіргі ахуалды ескере отырып, полицияның азаматтармен жұмыс жүргізуіне жаңа, озық әдістер енгізілетін болады. Мемлекет басшысының айтуынша, бізге азаматтардың құқығын уақтылы қорғауды қамтамасыз ететін және халықаралық жоғары талаптарға жауап беретін үлгі керек.
Біріншіден, Президент Қазақ­станда өкілеттіктердің аражігі нақты ажыратылған үш буынды модель ендіруді тапсырды: полиция – прокурор – сот, ол тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, билік тармақтарының өзара нақты іс-қимыл жасауына мүмкіндік береді.
Екіншіден, «жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметі реформаланады, бұл жерде учаскелік инспектордың рөліне баса мән берілетін болады. Олардың мәртебесі заңнама арқылы арттырылып, өнімді жұмыс істеулері үшін мол мүмкіндік беріледі. Бұл жердегі басты мақсат – полицияның жұмысын сервистік үлгіге көшіру, яғни полиция қызметкерлері азаматтардың құқықтарын қорғап, олардың алдында танымал, қолжетімді болып, адамдармен ашық әңгіме жүргізе білуге тиіс.
Үшіншіден, прокуратура орган­дарының жұмысы қайта қаралатын болады. Оның мәні – жинақталған дәлелдерге тәуелсіз баға беру, азамат­тардың құқықтарының бұзы­луына жол бермеу, адал азаматтардың қыл­мыстық процеске тартылуын болдырмау, сотта кінәлаушы тарапты қолдау болып табылады.
Бұдан басқа, 2021 жылдан бастап прокурорға қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысы бар негізгі процестік шешімдерді келісу міндеті заңнама арқылы жүктелмек.
Сонымен бірге, Президент сот жүйесін назардан тыс қалдырған жоқ, құқықтық мемлекеттің маңызды шарты – туралықтан танбайтын әділ сот төрелігінің болуы екенін атап көрсетті. Қоғамның сотқа деген сенімін кү­шейту басты мақсат болуға тиіс.
Жоғары сот кеңесіне және Жоғар­ғы сотқа жаңа кәсіпқой кадрларды әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып тарту жұмысын жандандыру тапсырылды.
Тұтастай алғанда, Жолдауда Үкіметтің алдына белгіленген мін­деттерді шешудегі нормативтік-құ­қықтық базаны қамтамасыз ету үшін қабылдануға тиіс бірқатар заңдарды әзірлеу бойынша нақты міндеттер қойылды. Депутаттық корпус өз кезегінде, Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қолдауды сапалы әрі шұғыл түрде қамтамасыз ететін болады.

Нұрлан ӘБДІРОВ,
Парламент Сенаты
төрағасының орынбасары

423 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы