• Руханият
  • 17 Қыркүйек, 2020

Ұлы ақынның мұрасы – әлем игілігі

Румыния астанасы – Бухарест қаласының орталығында Абай Құнанбайұлының бюсті қойылды. Осыған орай өткен салтанатты шараға Парламент пен мемлекеттік органдардан келген румын саяси қайраткерлері, шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ академиялық, қоғамдық және іскерлік орта өкілдері мен журналистер қатысты.

Өзінің сөзінде елші Нұрбах Рүстемов Абай Құнбайұлының 175 жылдығы аясында бюсттің ашылуы Қазақстан мен Румыния халықтары арасындағы достық пен өзара құрметтің, екі елдің тарихын білуге жаңа ұрпақ тәрбиелеудің айқын мысалы екенін атап өтті. Қазақ мәдениетін реформалаушы Абай Құнанбайұлы ұрпаққа қалдыр­ған ұлы мұрасы арқылы Шығыс пен Батыс мәдениеттерін синтездей білгендігі баса айтылды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне және Бухарест мэриясына қазақ ақынының Румынияда мәңгі есте қалуына қосқан баға жетпес үлесі үшін ерекше алғыс білдірілді.
Іс-шараға қатысушылар румын астанасында қазақ хал­қы­­ның көрнекті ақынының бюсті қойылуының халықтар дос­­­ты­ғының белгісі ретіндегі мән-маңызын атап өтті. Атап айтқанда, Румынияның экс-прези­денті Эмиль Константинеску және Парламент депутат­тары палатасының вице-спи­кері, «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық тобы­ның төрағасы Флорин Иордаке әлемдік деңгейдегі ұлы ақынның бюстінің орнатылуы Бухарест өміріндегі маңызды тарихи оқиға екенін, сондай-ақ әлемдік мәдениетке қосқан үлесі үшін қазақ халқына деген құрметті білдіретінін баса айтты.
Салтанатты шара аясында «Қара сөздерді» румын тіліне аударған белгілі лингвист Антоанета Олтеану ақынның өмірі туралы айтып берді, ал қазақ тілі мұғалімі бастаған балабақша тәрбиеленушілері Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

144 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы