• Мәдениет & Спорт
  • 24 Қыркүйек, 2020

Өнер мен мәдениет – достық дәнекері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 15 жыл бойы Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен ынтымақтастықты жалғастырып, мәдени байланыс аясында Қытай тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша бірлескен жобаларды іске асырып келеді.

Осыған орай, ҚР орталық музейі Қытай Халық Рес­публикасының Бас консул­дығымен халықаралық ын­тымақтастық аясында кө­рермендер назарына «Қы­тай халықтарының ұлттық мерекелік киімі» онлайн-көрмесін ұсынды. Онлайн-форматта алғаш рет ұсынылып отырған фотокөрме музейдің мәдени-білім беру жұмысының жаңа нысаны болып табылады, ол онлайн-көрермендерге Аспанасты мәдениетінің алуан түрлілігімен танысуға мүмкін­дік берді. Фотокөрме Аспан асты елі мәдениетінің алуан түрлілігін, ондағы ұлттардың бірлігін, олардың шынайы сұлулығы мен үйлесімділігін толықтай көрсетуге арналған. 58 шығармадан тұратын «Қы­тай халықтарының ұлттық мерекелік киімі» онлайн-көрмесі қазіргі Қытайда тұ­ра­тын әртүрлі халықтардың бай материалдық мәдениетін көрсететін фотосуреттер жиынтығымен таныстырды. Аталмыш фотосуреттер ха­лықтардың нақты тұратын аймағына, жынысына (әйелдер мен ерлер костюміне), мақса­тына байланысты киімнің ерекшеліктерінен мәлімет берді.
Костюм тарихы ежелгі заманнан бері адамзаттың өткенін бейнелейтін айна іспеттес. Әр ел, әр халық өз дәстүрлерімен адамдардың киіміне, костюм кию ере­желерінде із қалдырады. Костюм арқылы ұрпақтан-ұрпаққа өмірлік даналықты, дүниетанымды, моральдық мұраттар мен эстетикалық талғамды жеткізуге болады. Қытай Халық Республикасы – көпұлтты ел, оның аумағында 56 түрлі ұлт өкілдері, атап айтқанда, хань, тибет, моңғол, хуэй, ұйғыр, қазақ, маньчжур, чжуан және т.б. тұрады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

176 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы