• Өндіріс
  • 24 Қыркүйек, 2020

Фармацевтика мен медицина өнеркәсібі өркендей ме?

Коронавирус індеті лаңы күнделікті тыныс-тіршілігіміз ғана емес, бүкіл әлеуметтік жағдай-күйімізге де, тіпті экономикалық даму-өркендеуімізге дейін бұрынғы көзқарасымызды түбегейлі өзгертті. Мұны әсіресе медицинаға қатысты сала айрықша аңғартып отыр, соның ішінде дәрі-дәрмектер өндіруге баса мән берілуде. Әйтсе де, үкіметіміздің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту жоспарлары аясында шет елдерден бізге дәл сол өнімдердің жеткізілуі арта түскен. Неге? Соған жауап іздеп көрелік.

 ҚР ҰЭМ Статистика коми­те­тінің мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 7 айында Қазақстанға $666,6 млн (АҚШ долларының) дәрі-дәрмектері жеткізілген. Бұл 2019 жылдың қаңтар-шілдесіндегі көрсеткіштерден 29,6%-ғакөп. Бізге әкелінген өнімнің жалпы салмағы, өткен жылғы 15,7 мың тоннаға қарағанда, едәуір артық, яғни, 17,55 мың тоннаны құрапты. Демек, нақты көлем өсімі 11,6% құраған.

Шілде екпінді айға айналған – импорт 135,2 млн долларға жетіпті. Ал, бұл 2019 жылдың айлық максимумына пара-пар көрсеткіш.

Қазақстан дәрі-дәрмектерді 55 елдерден, соның ішінде экзотикалық (Сан-Марино мен Оңтүстік Африка сияқты) мемлекеттер де бар, сатып алады екен. Дегенмен, барлық импорттың жартысын бар-жоғы бес қана мемлекет қамтамасыз етіп отыр. Олар: Германия – $100 млн, Индия –$72,1 млн, Ресей –$59,8 млн, Франция –$16,6 млн және АҚШ –$41,8 млн.

Егер, 2019 жылдың қаңтар-шілдесіндегі негізгі тауар жеткі­зушілерді есепке алар болсақ, 15 елдердің 13-інен импорт арта түскен.

Бәрінен де күштірек (2,8 есеге), дәл қазір түйінді импортерлердің біріне айналған, АҚШ-тан жеткізулер өскен (1-инфографика).

 ИМПОРТТЫ БЕС ЖЫЛДАН СОҢ ҒАНА ҚЫСҚАРТА АЛАМЫЗ

15 қыркүйекте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов фар­мацевтикалық және медици­налық өнеркәсіпті дамыту жоспарлары туралы кеңінен мәлімдеген еді. Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға есептелген кешенді жоспар жасалған. Ол төрт басты мақсаттарды негізге алған.

Біріншіден, өндіріс көлемі екі есе артады. Ағымдағы көр­сеткіштер 92 млрд теңгені құрап отыр, ал мақсатты меже – 184 млрд.

Екіншіден, емдік дәрі-дәрмек­тер экспорты өседі, бұл да екі есеге ұлғаймақ. Мақсат –116 млн долларға жеткізу.

Үшіншіден, бір мәрте пайдаланылатын бетперделер шығару тәулігіне 2 млн бірлікке дейін өседі. Бұл да қазіргі көрсеткіштерден екі есе көп.

Төртіншіден, қорғау костюм­дері­нің өндіріс көлемін айына (мұны да қазіргі көрсеткіштерден екі есе арттыру) 1 млн данаға дейін ұлғайту. Тіпті нақты мерзімі белгіленген – 2021 жылдың I тоқ­санына.

Ағымдағы жағдайға қатысты айтар болсақ, негізгі көрсеткіштерде өсім байқалады. Министрдің мәлімдеуінше, бүгінгі күнге 33 фармацевтикалық кәсіпорын емдік дәрі-дәрмектердің 922 түрін шығарады екен.

Фармацевтикалық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 34,1%-ға өскен. Індет басталғалы бергі аралықта жеке қорғану жабдықтарын шы­ғару көлемі, жаңа жобаларды іске қосу есебінен, 10 есе артқан. Яғни, отандық өндірушілеріміз көп пайдаланылатын қорғану костюмдеріне, қолғаптар мен бетперделерге ішкі сұранысты толықтай жауып отыр.

 ӨНДІРІС ӨСІП КЕЛЕДІ

 ҚР ҰЭМ Статистика комитеті фармацевтикалық өнімдердің екі түрінен мәліметтерді жариялаған. Олардың бірі – дәрілер. 2019 жылға дейін өндіріс көлемі килограмдармен өлшеніп келді, содан соң – өндірілген өнімдердің құнымен есепке алынуда.

2020 жылдың тамызындағы көрсеткіштер осы кезең аралы­ғындағы жақсы жайттардың біріне айналып отыр. Соңғы айда дәрі-дәрмек 10,4 млрд теңгеге шығарылған. Бұдан көп тек нау­рызда ғана –10,9 млрд теңге көрініс берген. 8 айда республикамызда барлығы 73,4 млрд теңгенің – 2019 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштерге қарағанда –49,4%-ға артық өнім шығарылыпты (2-инфографика).

Есепке алынып отырған өнім­­де­рдің екінші түрі – өзге де фар­ма­цевтикалық дәрі-дәрмектер өндірісі. 2020 жылдың тамызы онша табысты болмады – өндіріс көлемі 564,1 млн теңгені құрапты, бұл алдындағы жеті айды қосып есептегенде ең нашар көрсеткіш. Сегіз айдағы өндіріс көлемінің барлығы 5,5 млрд теңге құраған (3-инфографика).

Осылайша, 2020 жылдың 8 айында дәрілер және өзге де фармацевтикалық дәрі-дәрмектер өндірісінің жалпы көлемі 78,9 млрд теңгені құраған (2019 – 53,6 млрд тг). Өсім –47,4%. Алайда, еңбектің өндірілген өнім құнымен өлшенетінін естен шығармаған жөн.

 «ЭКСПОРТ» ДЕГЕН БІЗДЕ БАР НӘРСЕ МЕ, ӨЗІ?

 Министрдің айтуынша, өнімнің бір бөлігі экспортқа жөнелтіледі. Әйтсе де, ҰЭМ Статистика комитеті мұны растап отырған жоқ.Сыртқы саудаға арналған айлық бюллетеньдерде –дәрі-дәрмектер, дәрілер мен фармакологиялық өнімдер сияқты – осы тектес атаулар мүлде жоқ. Әдетте бұл, шет елдерге сатылуы онша жоғары емес, номенклатуралық топтарға байланысты көрініс беріп жатады.

Сыртқы сауда бойынша статистиканы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті де жариялап тұрады. Сондағы мәліметтер біршама нақтырақ, алайда, мұнда ЕАЭК елдерімен сауда есепке алынбайды екен. Осы мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың жеті айында Қазақстан мыналарды экспорттаған: $1 млн-нан (АҚШ долларына) сәл ғана аз – қан мен қан сарысуын; $3,3 млн – дәрі-дәрмектерді; $9,7 мың – фармакологиялық өнімдер.

Бұл көрсеткіштер, министр­ліктің жариялап отырған цифрларымен онша үйлесе қоймайды, сонан соң, әрине, айтарлықтай жоғары да емес. Әсіресе импорттың көлемін ескерер болсақ. Бізді қайран қалдыратыны да осы, сол себептен де: «Бізде экспорт деген нәрсе экономикамызда (әрине, бөркімізді аспанға атуға құмар – мұнайға қатысты емес!) бар ма?» деп, үрке үн қатуымыздың мәнісі де осында жатса керек.

Исатай ҚАМБАРОВ

17 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала 21 мың шақырымдық ескі желі, 200 бос жұмыс орны...
Келесі мақала Көмір көлемді өндірілуде

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №43

22 Қазан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ахас Қайырұлы Тәжутов

“TENGE MONITOR” апталық газетінің бас редакторы