• Бизнес & Қоғам
  • 01 Қазан, 2020

20 мың бетпердені сыйға тартты

«Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры Алматыдағы ҚХР-дың Бас консулдығынан 20 мың дана медициналық бетпердені қабылдады. Бұл бетпердені қытайлық ШЫҰ Комитеті достық пен ынтымақтастық аясында сыйға тартқан болатын.

2013 жылдың күзінде Қырғызстан астанасы Біш­кекте ШЫҰ-ның кезекті саммиті аясында ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин Қытай Комитеті Шанхай ұйымының көршілес мемлекеттермен ынтымақтастық пен байланысты нығайтып келе жатқандығына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер арасындағы тү­сіністік пен дәстүрлі достықты күшейтуге арналған ұйымға арнайы комитет құру ке­ректігін атап өткен еді. Қазіргі таңда комитет ғылыми-зерттеу, мәдени, қоғамдық ұйым мен ШЫҰ-ның іскерлік байла­нысын күшейтуге бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Осыған орай, көптеген шаралар, атап айтқанда, форум, семинар, көрме, ШЫҰ-ға қа­расты мемлекеттердің БАҚ өкіл­дерімен кездесуге арналған жиын­дарды, Шанхай ұйымын дамытуға арналған мерекелерді тұрақты ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар комитет «Бір белбеу, бір жол» бағдарламасының дамуын қолдап, Шанхай ын­тымақтастық ұйымындағы құрылым бірлестігінің игі істерін атқаруына назар аударып келеді.
Алдағы уақытта «Сәби» қайырымдылық қоры Қытай тарапынан сыйға алған 20 мың медициналық бетпер­де­ні Қазақстандағы балалар ауруханасына табыстайтын болады.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

315 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы