• Мәдениет & Спорт
  • 08 Қазан, 2020

Ежелгі дәуірлерден бастап...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде халықаралық ынтымақтастық аясында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлескен «Ғажайып қолтаңба» атты қытай фарфор бұйымдары топтамасының көрмесі өз жүмысын бастады. Көрме Қытай Халық Республикасының 71 жылдығына арналды.

Қытай фарфоры – аспан асты империясының мәдениеті мен өнерінің маңызды компонент­терінің бірі. Фарфордан жасалған бұйымдар фарфорға сурет салу өнерін көрсетеді, сонымен қатар ежелгі дәуірлерден бастап әр заманда өз туындылары арқылы әлемдік өнерге құнды үлес қосқан қытай шеберлерінің ғасырлық дәстүрлерін паш етеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің қорында XIX ғасырдың екінші жартысында (ҚР МОМ Орынбор кезеңінің тарихы) қалыптаса бастаған қыш пен фарфор топта­малары ерекше орын алады. Ол кезде музейге өткізілген алғашқы экспонаттарды жеке адамдар «сыйға берген» және олар негізі­нен XVIII-XIX ғасырларға тиесілі тұрмыстық заттар еді. Олардың арасында әсемдігі және көркем пішіндерімен назар аудартатын әр түрлі керамикадан жасалған бұйымдар бар.
«Ғажайып қолтаңба» көр­месінің экспозициясы 3 бөлім­нен тұрады. Көрмеге ҚР Орта­лық музейінің фарфордан, фаянс, керамика, мыс, саздан жасалған 60-тан астам біре­гей экспонаттары қойылды. Ұсыныл­ған заттардың ішінде Талғар қаласынан (Талхир) табылған, Ұлы Жібек жолымен бізге жеткен қыш бұйымдарын көрсететін археологиялық қыш бұйымдары ерекше қызығу­шылық тудырады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

317 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы