• Бизнес & Қоғам
  • 22 Қазан, 2020

«Дамудың» көмегі кәсіпорындарға демеу болуда

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша аймақтық филиалы мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған қала кәсіпорын­дары бойынша баспасөз-турын өткізді.

Баспасөз-тур аясында жур­на­листер қауымына түрлі қыз­мет салаларында өздері­нің бизнес-идеяларын жүзеге асыратын «ЭКО-ФАРМ» ЖШС, «Гидрострой Шымкент Групп» ЖШС және «NURTAU distribution company» ЖШС сынды 3 кәсіпорынның бүгін­гі таңда атқарып жатқан жұ­мыс­­тары таныстырылды. Онда кәсіпорындар қандай мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланғаны айтылды.
Кездесу барысында аймақтық директор Алмас Тастанов Шымкент қаласында «Даму» қоры­ның қаржылық және қар­жы­лық емес қолдау нәтижелері туралы әңгімеледі. 2020 жылдың 9 айында Шымкент қаласында субсидиялар есебінен жалпы сомасы 29,54 млрд. теңге болатын 123 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша – 17,286 миллиард теңгеге 97 жоба (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жобалар көлемінің өсімі 2,4 есе); «Қарапайым заттар экономикасында» – құны 9,75 миллиард теңгені құрайтын 26 жоба (өткен жылдың сәйкес ке­зеңімен салыстырғанда жобалар көлемінің өсімі 2,7 есе); «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша – 2,5 млрд. теңгеге 1 жоба (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда өсім – 156%).
Нарықтағы қазіргі жағдайға қарамастан, ағымдағы жылдың 9 айында жобалардың ішінара кепілдемесінің өсуі де байқалады. Осылайша, кепілдеме бойынша жалпы несие сомасы 4,1 млрд. теңгеге кәсіпкерлердің 68 жобасы қолдау тапты, оның ішінде кепілдік сомасы 1,0 млрд. теңгені құрады.
Осы кезеңде Шымкенттегі аймақтық филиал 330 жобаға мониторинг жүргізіп, екінші деңгейлі банктердегі 257 жобаға қолдау көрсетіп, 449-ға жуық клиентке кеңес берді.
«ЭКО-ФАРМ» ЖШС-нің негізгі қызметі – медициналық мақсаттағы бұйымдар, медици­налық және қорғаныш киімдерін өндіру болып табылады. Жоба­ны «Қарапайым заттардың эко­номикасы» бағдарламасы бой­ынша «АТФБанк» АҚ құрал-жабдық сатып алуын мақұлдап, несиенің жылдық пайызы – 15%, оның мемлекет субсидиялайтын бөлігі 9,0% құрады. Несиенің жалпы сомасы – 500,0 млн. теңге.
«Гидрострой Шымкент Групп» ЖШС шыны мозаиканың өнді­рушісі болып табылады. Ком­­пания 2018 жылдың көкте­мін­де ашылды. Шыны мозаика – бұл қабырғаларды безендіру, еден жабыны, бассейн­дер және тағы басқалары үшін өте тиімді және практикалық нұсқа болып табылады. 2019 жылы құрал-жабдықты сатып алу және айна­лым қаражатын толықтыру үшін «АТФБанк» АҚ жобаны 14,25% мақұлдап, оның 7,13%-бен «Даму» қоры субсидиялайтын. Сондай-ақ Қор кепілдің жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді.
«NURTAU distribution com­pany» ЖШС – сағыз шыға­ратын зауыт, 2016 жылы құрыл­ған. Кә­сіп­орынның өндіріс­­тік қуаты – сағатына 300-400 келі шоколадты печенье, сағыз – 400-ден 500 келіге дейін. Ассортимент шамамен 12 түрді құрайды.
2020 жылы айналым қаражатын толықтыру үшін жоба «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында мақұлдан­ды. Несиені «АТФБанк» АҚ жылдық 14%-бен мақұлдады, мұнда мемлекет субсидиялайтын бөлігі 8%-ды құрады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

354 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы