• Қаржы
  • 29 Қазан, 2020

Жобалар пулы құрылды

Ақ Жайық өңірінде 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған гранттық қаржы беру конкурсы басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаев мәлімдеді.

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІ

Өңірдегі кәсіпкерлерді қол­дау мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы құрылымдар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы», екінші деңгейлі банктер және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері енді. «Қара­пайым заттар экономикасы» же­ңілдетілген несиелеу бағдар­ламасы аясында өткен жыл­дың 9 айының қорытынды­сы бойынша 16,5 млрд теңгеге 215 жоба мақұлданды. Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкер­лікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шең­берінде қалалық жерлерді не­сиелеу үшін республикалық бюджеттен шағын несие беруге 500 млн теңге, кепілдеме беруге 36 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жалпы шамасы 105,5 млн теңгеге 15 шағын несие берілді. Кәсіпкерлерге кепілдеме беру бойынша 10,8 млн теңгеге 8 келісімшартқа қол қойылды. Несиелер екінші деңгейдегі банктер арқылы кәсіпкерлерге өз ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге жылдық 6%-бен беріледі. Несиенің ең жоғары шамасы 6500 АЕК шамасын (18,1 млн теңге) құрайды. Несиелер бойынша кепілдіктер «Даму» КДҚ» АҚ арқылы 85%-ға дейін бастапқы бизнес үшін және 50%-ға дейін қолданыстағы бизнес үшін беріледі.
Биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдар­ламасын жүзеге асыруға жалпы сипаттағы трансферттерден 1,7 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 1,5 млрд теңге несиенің пайыз­дық мөлшерлемесін субсидия­­­лау­ға, 146,9 млн теңге несиелерге кепілдеме беруге, 86 млн теңге гранттық қаржыландаруға бағыт­талды.
– Кәсіпкерлердің «Бизнес­тің жол картасы – 2025» бағдарла­масына қатысуға құлшыныс­тары күшті. Иннова­циялық жобаларға гранттық қаржы беру конкурсы күні кеше аяқталды. Оған қаты­суға 233 адам өтініш берді. Бүгіннен бастап 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға гранттық қаржы беру конкурсы басталады. Жас кәсіпкерлерді осы конкурсқа қатысуға шақырамыз, – деді Мақсат Құланбаев.
Спикердің сөзіне сүйен­сек, төтенше жағдайдың жария­лануына байланысты дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін қосымша 1,8 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 1,5 млрд теңге несиелердің пайыздық мөл­шерлемесін субсидиялауға, 329 млн теңге несиелерге кепілдеме беруге бағытталған. Күні бүгінге бөлінген барлық қаржының 2,4 млрд теңгесі, яғни 64%-ы игерілген.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛҒА ҮҢІЛІҢІЗ,ИНВЕСТОР!

 Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 327,5 млрд теңгені құрап, былтырғы жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 17,4%-ға төмендеді. Әсіресе, тау-кен өндіру мен өңдеу өнеркәсіптері, құрылыс, сауда, көлік және қойма салаларында инвестиция тарту төмендеген. Инвестиция тарту көрсеткіші ауыл шаруашылығы саласында екі ірі жылыжай («ВорлдГринКомпани», «УТК» ЖШС-лары) және сүт-тауарлы фермасы («Ринго-Милк» ЖШС) жобаларының жүзеге асырылуы есебінен өскені байқалады.

Инвестиция тарту жобаларды іске асыру шеңберінде газды өндіруге арналған шектеулерді алып тастау, 4-ші газ айдау компрессорын орнату, Қарашығанақ кен орнын кеңейту (1-ші кезең), сонымен қатар 2019 жылы «Жайықмұнай» ЖШС интеграцияланған газ тазарту қондырғысының ірі жобасын пайдалануға беру, кабельдік өнімдер («Орал Кабель» ЖШС) және шар клапандары өндірісі («ПетроВалвз КИОС» ЖШС) жобаларының іске қосылуына байланысты «КПО б.в.» компаниясы шығындарының төмендеуіне байланысты орын алды. Сондықтан инвестиция тарту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Биылдың өзінде инвесторлар кеңесінде 5 отырыс өткізіліп, онда 920-дан астам тұрақты жұмыс орнын құратын жалпы құны 45,6 млрд теңге болатын 18 жоба мақұлданды. Маусым айында «Кәсіпкерлікке арналған Үкімет» жобасы іске қосылды. Жоба аясында келушілерге кәсіпкерлік ашуға және қолдауға қатысты мемлекеттік қызметтің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Бүгінде 50-дің үстінде кеңестік қызмет көрсетілген.

Өңірге инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында инвестициялық портал іске қосылған. Инвестициялық портал үш тілді онлайн-платформа ретінде invest07.gov.kz базасында жұмыс істейді. Порталда облыстағы маңызды ақпараттар, жүзеге асырылып жатқан инвестжобалар, отандық тауар өндірушілер, инвесторға арналған ұтымды жобалар, инвес­торларға берілетін жеңілдіктер, шағын және орта кәсіпкерлікке арналған 100 жоба, инвесторды мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіпкерлікті жүргізу, инвестициялық салымдарды күтетін жобалар, бос жер телімдері, бос ғимараттар көрсетілген және олар облыстың, аудандардың, Орал қаласының шегі бойынша инвестициялық интерактивті картасында дәлірек көрсетіліп, көрініс тапқан.

 70 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ПУЛЫ

 Бүгінде 6000 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы құны 2,5 трлн теңге болатын 70 инвестициялық жоба пулы құрылды. Соның ішінде биыл 308 млрд теңге, 2021 жылы 508 млрд теңге, 2022 жылы 390 млрд теңге, 2023 жылы 237 млрд теңге, 2024 жылы 152 млрд теңге игерілмек. 2020 жылы 435 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 25,5 млрд теңгенің 9 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Инвестицияларды тартудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы меморандум аясында биылғы жылға жоспарланған инвестициялар көлемі қайта есептеліп, оның көлемі 587 млрд теңгені құрады. Меморандум аясында 10 ірі инвестициялық жобаның тізбесі жаңартылды, олар: Сұйық метанол өндірісі зауыты («Жайық Петролеум» ЖШС); Виртуалды деректерді сақтау және орналастыру орталығы, интернет-платформаларды орналастыру және техникалық қызмет көрсету орталығы, «Дата центр» Орал технологиялық паркінің есептеу орталығы («LLYAgroEnergy» ЖШС); қуаттылығы жылына 4400 тонна қияр және 3500 тонна қызанақ өндіретін жылыжай құрылысы («World Green Company» ЖШС); жартылай тіркемелер шығаратын зауыт құрылысы («BATYSTRAILER» ЖШС); сүт кешенін салу (««Ringo-Milk» ЖШС); жиһаз фабрикасының құрылысы («Квант» ЖШС); Орал қаласы, Зашаған кентіндегі №52 мектептің құрылысы («Нұрқапстройгаз» ЖШС); 500 орындық жеке мектептің құрылысы («Казхол» ЖШС); «BASK» көлік-логистикалық орталығы («EurasianLogistics» ЖШС); мұнайды терең өңдеу зауытының құрылысы («АБС-Мұнай» ЖШС).

 

10 ЖОБА ЖАНДАНАДЫ

 Биыл жобалар пулын іске асыру шеңберінде 480 жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 26,8 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны іске қосу жоспарланған. Осы жылдың қыркүйек айында жалпы құны 7,4 млрд теңгеге 90 тұрақты жұмыс орнын құрумен 2 жоба («Орал жылыжай зауыты» ЖШС, «Орал құс фабрикасы» ЖШС) іске қосылды.

Биылғы жылдың соңына дейін 390-нан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны шамамен 19,4 млрд теңгені құрайтын 8 ірі жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде: қуаттылығы жылына 3 мың тонна трансформаторларға арналған панельдік радиаторлар өндірісі (35-500 кВ) «Орал трансформатор зауыты» ЖШС Орал қ.); жылына 22,0 мың дана жиһаз шығаратын фабриканың құрылысы («Квант» ЖШС, Орал қ.); ауысымы 600 дана ірі қара терісін алғашқы өңдейтін зауыт салу («Кублей» ЖШС, Орал); виртуалды деректерді сақтау және орналастыру орталығы, интернет-платформаларды орналастыру және қызмет көрсету орталығы, Орал технологиялық паркінің есептеу орталығы («LLYAgroEnergy» ЖШС); жеміс-көкөніс сақтау қоймасының құрылысы («Байстон» ЖШС), жеке газ анализаторларын шығару («IntelligentProtectiveSystem» ЖШС); жұмыртқаға арналған науалар өндірісі («EnvironmentSolution Ltd» ЖШС); күн батареялары («Green Spark Limited» ЖШС) жобалары бар.

 Батыс Қазақстан облысы

 ГҮЛБАРШЫН ӘЖІГЕРЕЕВА

350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы