• Энергетика
  • 05 Қараша, 2020

Өндірісті жаңғырту: Жаңа технологиялар сапа мен тиімділікке жол ашты

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовпен бірге олар екі жылу электр орталығында, Павлодар мұнай-химия зауытында және «Нефтехим LTD» ЖШС-да болды, деп хабарлайды ведомствоның Баспасөз орталығынан.

«Қазақстан алюминиі» АҚ құрамына кіретін 1-ші жылу электр орталығында (ЖЭО-1) делегацияға қаланы электрмен және жылумен жабдықтау туралы әңгімеленді. Бүгінде 50 жылдан астам тарихы бар кәсіпорын өз қызметкерлеріне барынша қолайлы жағдай жасауға тырысуда, бұл өз кезегінде өндіріске жас кадрларды тартуға мүмкіндік береді.
«Павлодарэнерго» АҚ бөлім­шесі болып табылатын 3-ші жылу электр орталығында Нұрлан Ноғаев пен Әбілқайыр Сқақовқа негізгі жабдықтарды жаңарту туралы баяндалды.
«Нефтехим LTD» ЖШС базасында энергетика министрі және Павлодар облысының әкімі метил-третбутил эфир және полипропилен өндіру цехтарында болды. Биыл зауыт полипропилен шығару көлемін 40 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Былтырғы және оның алдыңғы жылдағы бұл көрсеткіш шамамен 33 мың тоннаны құраған.
Келесі сапар Павлодар мұнай-химия зауытына болды. Зауыт автомобиль бензині, ТС-1 маркалы реактивті қозғалт­қыштарға арналған отын, дизель отыны, қазандық отыны (мазут), мұнай коксы, жол битумы және т.б. өндірісімен айналысады.
Сапар барысында Нұрлан Ноғаев журналистердің сұрақ­тарына жауап бере отырып, Энергетика министрлігінің жоспарлары туралы айтып берді.
– Біз қысқы және арктикалық отынды қоспағанда, дизель отынын импорттауға тыйым салуды келесі жылдың сәуіріне дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбады, бірақ ішкі нарықты дизель отынымен толтыру үшін алғышарттар бар екенін атап өткім келеді, – деді Нұрлан Ноғаев. – Жалпы алғанда, еліміз бен үкімет басшылығының арқасында пандемия кезінде мемлекеттік органдар қоймалардың толып кетуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдағанын атап айтқым келеді. Осыған байланысты, біз зауыттарымыздың тоқтап қалуына жол бермедік және ішкі жанар-жағармай нарығында теңгерімді сақтап қалдық, – деп қорытындылады сөзін министр.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛЕДІ

Энергетика министрі мен Павлодар облысының әкімі өңірдегі энергетика және мұнай-химия кәсіп­орындарын аралауы барысында бірқатар аса маңызды мәселелер кеңінен әңгіме болды.
Облыс әкімдігі баспасөз қызме­тінің Telegram парақшасындағы мәліметке сәйкес, мынадай жайттар да белгілі болды: «Қазақстан алюминиі» АҚ құра­мына кіретін 1-ші жылу электр орта­лығындағы станцияның қазір­гі электр қуаты – 340 МВт, ал жылу қуаты – сағатына 1074 Гкал құрайды екен. Мұнда кәсіп­орынның әлеуметтік бастамалары туралы да сөз болған.
– Біздің жоғары оқу орнымыз – Торайғыров университетінде энер­гетиктерді даярлайды, олардың көбі кәсіпорынға жұмысқа орналасады. Барлық жас маманды қосымша оқытамыз, оларды барынша қолдауға тырысамыз, – деді 1-ші жылу электр орталығының бастығы Илья Рожков.
«Павлодарэнерго» АҚ бөлімшесі 3-ші жылу электр орталығында Нұрлан Ноғаев пен Әбілқайыр Сқақовқа негізгі жабдықтарды модернизациялау туралы баяндалды. Мысалы, биыл энергетиктер №6 турбинаны қайта құрды.

 

ТМД-да теңдесі жоқ жаңа технология арқасында кәсіпорын ғимараты іргетасының бұзылуына әкелетін вибрациядан құтылды.
– №6 турбинада Қазақстанда алғаш рет жабдықтың жұмысы туралы барлық деректерді онлайн режимде бірыңғай пультке жіберуге мүмкіндік беретін болжамдау жүйесі орнатылған. Егер қандай да бір көрсеткіш өзгерсе, жүйе құрылғының жөндеуге тиіс уақытын бірден анықтап береді. Бұл модернизация жұмысын уақтылы жоспарлауға мүмкіндік бермек, – деді «Павлодарэнерго» АҚ басшысы.
Жылу электр орталығынан қалаға жылу беру бүгін штаттық режимде жүріп жатыр. Кәсіпорын қоймаларындағы көмір қоры – 200 мың тонна (норматив бойынша 70 мың тонна).
«Нефтехим LTD» ЖШС базасында энергетика министрі және Павлодар облысының әкімі метилтретбутилэфир және полипропилен өндіру цехтарында болғанын айтқан болатынбыз. Соған сәйкес, биыл зауыт полипропилен шығару көлемін 40 мың тоннаға дейін жет­кізуді жоспарлаған, өткен және бұрынғы жылдары бұл көрсеткіш шамамен 33 мың тоннаны құрапты. Қосымша мынадай деректер де әңгіме болды.
Полипропиленнен биг-бэг – көлемі 1 тонналық үлкен қаптар және басқа да ыдыстар өндіріледі.
Павлодар мұнай-химия зауы­тының аумағында министр мен облыс басшысымен қатар басқа да қонақтар орталық басқару пульті мен оқу орталығын аралап, жұмыс барысымен танысты.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өкілдері 2017 жылы өндірісті жаңғыртқаннан кейін кәсіпорында өнім сапасын К-4 және К-5 стандарттарына дейін жақсартып, мұнай өңдеу тереңдігін 76 пайыздан 87 пайыз­ға дейін арттырғанын айтқан.
Қорыта айтқанда, өңірдегі аса маңызды нысандардағы өндіріс­ке енгізіліп жатқан жаңа технологиялар мұндағы өнеркәсіптің айтарлықтай ілгерілеуіне оң ықпалын тигізбек.

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ

249 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы