• Үкімет
  • 19 Қараша, 2020

Өзара іс-қимылдың тың тәсілдері

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қаласының өңірлік Азаматтық форумының ашылуында сөз сөйледі.

Форумның пленарлық бөліміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов, «Алматы қаласы­ның кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Зәуреш Өмірбаева, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
«Кез келген мемлекет әлеуметтік маңызды мәсе­лелерді шешуде сенімді серіктестікті талап етеді. Бұл тұрғыда қоғамның түрлі салаларының проблемаларын білетін ҮЕҰ-ға үлкен сенім артылады. Сондықтан ҮЕҰ белсенділігі біз үшін әрқашан маңызды», – деп атап өтті сала министрі.
Қазірде мемлекеттік ор­гандардың ҮЕҰ-мен жоба­лық өзара іс-қимыл мәселесі қайта қаралуда. Іске асырыл­ған бірлескен жобалардың сапалық көрсеткіші сандық көрсеткіштен басым болады. Бұл үшін мемлекеттің 10 жылға арналған әлеуметтік бағдарланған стратегиясын әзірлеу және бекіту туралы мәселе бастама болды, оның іргетасы адам мен оның қажеттіліктері болады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі үкіметтік емес ұйымдарды кәсібилендірудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл ретте іске асырылып жатқан «ҮЕҰ Академиясы» жобасы базасында азаматтық сектор көшбасшылары даярланып, қоғамдық бірлестіктердің кәсіби дағдылары дамитын болады. Елімізде азаматтық секторды одан әрі дамыту үшін министрлік сертификатталған сарапшылар институтын құру және ҮЕҰ гранттық жоба­ларының бюджетін жоспарлау форматын өзгерту бойынша жұмыс жүргізуде.

205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы