• Өндіріс
  • 19 Қараша, 2020

Kaz Minerals: Тоғыз айдағы толымды нәтиже

Коронавирус пандемиясына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, еліміздегі өсу әлеуеті зор мыс өндіруші Kaz Minerals тобының тоғыз айдағы қызметінде нақты көрсеткіштер тіркелді. Компания күміс пен мырыш өндірісінің жылдық болжамын арттыруға, мыс пен алтын өндірісінің жоспарлы аралықтарының жоғарғы шегіне жетуге күш салуда.

Ең алдымен қызметкерлер мен мердігерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді назарға алған компания, оларды қорғау үшін және өндірістегі іркілістерді азайту мақсатында жан-жақты шараларды сақтап отыр. Өйткені, үшінші тоқсанда пандемия топтың қызметіне қатты әсер етпегенімен, төртінші тоқсанда жаңа шектеулер ықтималдығы әлі де бар.

 Сонымен, ағымдағы жылдың тоғыз айында Kaz Minerals тобы 230 мың тонна мыс1 өндірді. Соның ішінде Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай КБК-да кенді тоқсандық өндіру ұлғая келгенімен, тоғыз ай бойынша 28,7 млн тонна өндіріліп, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 27%-ға аз болды. Негізгі себеп – жыл басында өндіріс бұрын өндірілген шикізатты қайта суландыруға шоғырланып, оксидті кен өндіру қысқарған. Сондай-ақ үшінші тоқсанда сульфидті кеннен мыс өндіру 8%-ға азайып, 26,5 мың тоннаны құрады. Бұл да өңдеу көлемінің 9%-ға азаюына байланысты болып, мыстың орташа үлесінің ұлғаюымен ішінара өтелді. Техникалық қызмет көрсету мерзіміне, кендегі металдың азаюына және биылғы бірінші тоқсанда бөліп алу коэффициентінің уақытша төмен болуына байланысты өткен тоғыз айда сульфидті кеннен 82,6 мың тонна өндірілді. Бұл 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 11%-ға аз (92,9 мың тонна). Үшінші тоқсанда оксидті кеннен 5,2 мың тонна катодты мыс өндіріліп, өткен тоқсанмен салыстырғанда 4%-ға төмендеді. Енді жыл соңына дейін Ақтоғай катодты мыс өндірісінің жоспарланған межесі – шамамен 20 мың тонна. Үшінші тоқсандағы мыс өндірісінің жалпы көлемі – 31,7 мың тонна (2020 жылдың 2-тоқсанында 34,3 мың тонна болған). Бұл көрсеткіш негізінен үшінші тоқсанда сульфидті фабрикадағы техникалық қызмет көрсетудің мерзімі мен ұзақтығына байланысты 8%-ға төмендеді. Осылайша, төртінші тоқсанда сульфидті кендегі мыстың орташа мөлшерінің төмендеуіне және коронавирусқа байланысты шектеулердің салдарынан бірінші жартыжылдықтан кейінге қалдырылған техникалық қызмет көрсетуге орай өндіріс көлемінің төмендеуі күтілуде. Дей тұрғанмен, Ақтоғай тоғыз айда жақсы нәтижелер көрсетті: 99,3 мың тонна мыс өндірілді. Кеніш өзінің жылдық 120-130 мың тонна межесінің жоғарғы шегіне жету жолында.


Ал Павлодар облысындағы Бозшакөл КБК-да кен өндіру үшінші тоқсанда байыту фабри­каларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 22%-ға, яғни, 8 млн тоннаға дейін ұлғайды. Сульфидті және каолин балшығы бар кендерді өңдейтін фабрикалар тоқсан бойы толық қуатында жұмыс істеді. Ағымдағы жылдың тоғыз айында кен өндіру 16%-ға азайып, 22,3 млн тоннаны құрады. Бұл бірінші жартыжылдықта жи­нақталған каолин балшығы бар кенді қайта өңдеу себебінен болды. Үшінші тоқсанда мыс2 өндіру – 30,3 мың тонна. Жоғары өткізу қабілеті кендегі мыс үлесінің 0,49%-ға (2020 жылдың 2-тоқсаны: 0,53%) дейін төмендеуімен және бөліп алудың төмен коэффициентімен өтелді. 2020 жылдың тоғыз айында жоғары өткізу қабілетіне және кендегі мыстың орташа үлесінің жоғарылауына байланысты өндіріс 15%-ға артып, 90,7 мың тоннаға дейін жетті. (2019 жылдың 9 айы: 79,2 мың тонна). Төртінші тоқсан­да байыту фабрикасының өткізу қабілеті жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге байланысты тө­мендейді деп күтілуде. Дегенмен, тоғыз айдағы жақсы нәтижелерден кейін Бозшакөл мыс өндірісінің жылдық 110-120 мың тонна жоспарлы аралығына жету қарқынын сақтап отыр.
Алтын2 өндірісінің көлемі тоқ­сандық есепте 37 мың унцияға дейін төмендегенімен, тоғыз айдың ішінде Бозшакөлде алтын өндіру 120,3 мың унцияға дейін ұлғайды (2019 жылдың 9 айы: 103 мың унция). Сондай-ақ Бозшакөл үшінші тоқ­санда күміс2 235 мың унция, тоғыз айда 700 мың унция өндірді (2019 жылдың 9 айы: 567 мың унция).
Шығыс Қазақстан облысындағы Шығыстүстімет шахталары мен Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде кен өндіру үшінші тоқсанда 6%-ға, яғни, 997 мың тоннаға дейін (2020 жылдың 2-тоқсаны: 1,06 млн тонна) азайды. Ал тоғыз айда 3,06 млн тонна кен өндірілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5%-ға жоғары (2019 жылдың 9 айы: 2,92 млн тонна). Шығыс өңірдегі кен өндірудің төмендеуі Бозымшақтағы жерасты өндірісіне көшуге дайындық барысындағы өндірудің ұлғаюымен өтелді. Үшінші тоқсандағы мыс өндірісі Орлов шахтасының кендеріндегі металдың орташа үлесінің жоғары болуының арқасында 14,2 мың тоннаға дейін біршама өсті. Тоғыз айда 40 мың тонна мыс өндірілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне сәйкес келеді (2019 жылдың 9 айы: 39,9 мың тонна). Жыл басынан қыркүйекті қоса алғандағы кезеңдегі тұрақты көрсеткіштерден кейін Шығыс өңір мен Бозымшақ мыс өндірісінің жылдық жоспарлы көрсеткіші – шамамен 50 мың тонна.
Үшінші тоқсанда алтын өн­дірісінің көлемі металдың елеулі үлесі мен өңдеудің жоғары дең­гейінің арқасында 3%-ға, яғни, 13,7 мың унцияға дейін артты. Тоғыз айда Бозымшақта 39,5 мың унция өндірілді. Ал күміс өндірісі – үшінші тоқсанда 554 мың унция, және тоғыз айда 1,58 миллион унция (2019 жылдың 9 айы: 1,51 миллион унция). Сонымен қатар үшінші тоқсанда 15,7 мың тонна концентраттағы мырыш алынып, кендегі мырыштың орташа үлесінің артуына орай бұл екінші тоқсанға қарағанда 6%-ға жоғары болды. Тоғыз айдағы өндіріс көлемі – 39,5 мың тонна, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артық (2019 жылдың 9 айы: 28,9 мың тонна).

1 Концентраттағы ақысы төле­нетін металл және Ақтоғайдағы оксид­ті кеннен өндірілетін катодты мыс
2 Концентраттағы ақысы төле­нетін металл

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

9 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала КТЗ: Өткені өрісті, келешегі келісті кәсіпорын

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №47

19 Қараша, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ахас Қайырұлы Тәжутов

“TENGE MONITOR” апталық газетінің бас редакторы