• Мәдениет & Спорт
  • 07 Қаңтар, 2021

Үздіктердің есімі анықталды

2021 жылғы ASSYLTAS стипендианттары анықталды. 100 мыңнан астам адам дауысын өзі таңдаған кандидатқа бергеннен соң, бірінші кезеңде ең көп дауыс жинаған алты үміткердің үшеуі екінші кезеңге өтіп, ары қарай 20 сарапшының берген ұпайларының нәтижесінде жеңімпаздар белгілі болды.

Журналистикада КТК арна­сы­ның тележүргізушісі Асыл Махметовтың бағы жанды, әдебиетте ақын, «Дарын» мемле­кеттік жастар сыйлығының лау­ре­аты Олжас Қасым оза шап­ты. Ғылым саласында техника ғылымдарының кандидаты Рүстем Манатбаев үздік шықса, спорт аталымында Токио олимпиа­дасында өнер көрсететін бокс­шы Абылайхан Жүсіповтың мерейі үстем болды. Сондай-ақ екінші кезеңде Абылаймен бірдей ұпай жинаған дзюдошы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Елдос Жұмахановқа да 1 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды. Журналистика саласына қосып жүрген үлесі үшін «Шалқар» радиосының редакторы Гүлмира Нәлібай мен білім сала­сына қосып жатқан үлесі үшін Роза Ербозымқызы ASSYLTAS төсбелгілерінің иесі атанды.
Ал Түркітілдес журналистер қорының HALYK BANK серіктес­тігімен, отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы және банк саласы бойынша ұйымдастырған «Еркін сөз» – 2020 шығармашылық бай­қауының жеңімпаздары анық­талды.
«Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік телесюжет» аталымдары бойынша өткізілген байқаудың Бас жүлдесі – 500 000 теңге. Сонымен қатар үш ата­лым бойынша 100 000 теңге ынталандыру сыйлығы, 50 000 теңгелік екінші ынталандыру сыйлығы тағайындалды. Қазылар алқасының құрамында UIB Бизнес мектебінің директоры, қаржыгер Мақсат Халық, «Егемен Қазақстан» газетінің шолу­шысы Анар Төлеуханқызы, БАҚ және телерадио хабарларын тарату саласы қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек, Жезқазған аймақтық «Дидар» телеарнасының бас продюсері Мақпал Орынбетова, елімізге танымал тәжірибелі жур­налистер Есей Жеңісұлы, Жұлдыз Әбділда, Анар Тұрмағам­бетова, Halyk Bank баспасөз қызметкері Досбол Арыстанбеков болды.
Сонымен, «Үздік мақала» ата­­­лымы бойынша бас жүлдені «Отарқа» газетінің бас редакторы Жанаргүл Қадырова (500 000 теңге) иеленді. Ынталандыру сыйлығын Батыс Қазақстан об­лыстық Қазталов ауданы «Жайық пресс» ЖШС Қазталов аудандық филиалы «Ауыл айнасы» аудан­дық газетінің тілшісі Асылбек Нәсіпқалиұлы (100 000 теңге), ал екінші Ынталандыру сыйлығын Павлодар қаласы «Сарыарқа сама­лы» газеті бас редакторының орынбасары Мұрат Аяғанов (50 000 теңге) еншіледі.
«Сайттағы үздік мақала» ата­лымы бойынша бас жүлдені Алматы облысы Талдықорған қаласы Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Еңлік Қабдеш (500 000 теңге) алды. Ынталандыру сыйлығын Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбұлақ ауылы www.KzNews сайтының редакторы Мейіржан Әуелханұлы (100 000 теңге), ал екінші ынталандыру сый­лығын Алматы облысы Іле ауданы, «Azattyq Ryhy» ақпараттық сайтының тілшісі Әмірболат Құсайын­ұлы (50 000 теңге) табан тіреді.
«Үздік телесюжет» аталымы бойынша бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласы, QAZAQSTAN РТРК тілшісі Асима Нұрбайқызы (500 000 теңге) қанжығасына байлады. Ынталандыру сыйлығын Нұр-Сұлтан қаласы, QAZAQSTAN РТРК тілшісі Раушан Сайлауқызы (100 000 теңге), ал екінші ынта­лан­дыру сыйлығын Алматы қаласы «Атамекен бизнес» теле­ар­насының тілшісі Арнат Орын­басарұлы (50 000 теңге) иеленді.

Нұрлан ҚҰМАР

358 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы