• Қаржы
  • 14 Қаңтар, 2021

Ең жоғары мөлшерлемелер бұрынғы деңгейде қалды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың ақпан айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі деңгейі бұрынғы көлемде сақталып отыр. Осыған байланысты, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, қысқа мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталады. Сонымен қатар, нарыққа байланысты айқындалатын мерзімді депозиттердің мөлшер­лемелері де өзгеріссіз қалады.
Банктердің нақты нарықтық мөлшер­леме­лерінің азаюына байланысты 24 айға арналған ұзақ мерзімді жинақ салымдардың сыйақы мөлшерлемелері аздап төмендеді, делінген хабарламада.

Ернар Орманов

 

754 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы