• Бизнес & Қоғам
  • 21 Қаңтар, 2021

Көлік өндірісінің көлемі артты

Orbis Kazakhstan компаниялар тобының автомобильдік бөлімшесі Orbis Auto компаниясы Орал қаласындағы Volkswagen ресми дилерлік орталығын қайта жаңғыртудың толық аяқталғаны туралы хабарлады. Автосалонды реконструкциялау бай тарихы бар танымал брендтің соңғы жоғары стандарттарына, дәстүрлері мен құндылықтарына сәйкес жүргізілді. Volkswagen өңірлік дилерлік орталығын толық қайта жаңартуға Orbis Auto инвестициялары 1 миллион долларды құрады.

Оралдағы Volkswagen Дилер­лік орталығын реконструкция­лау былтырғы  жылдың жазында басталды және жарты жылдан астам уақытқа созылды. Биылғы жылдың басында автосалон өз клиенттерін жаңа форматта қабылдай бастады. Қайта жаң­ғыртылған орталықтың қызмет көрсету аймағының ауданы – 420 шаршы метр, шоу-румның ауданы – 510 шаршы метрді құрады.

Автосалонның идентикасы мен жиһазы толығымен жа­ңартылды, ал ғимараттың қас­бетінде Volkswagen брендінің жаңа логотипі пайда болды. Жаңартылған орталықтың сер­вистік станциясында жабдық толығымен жаңартылды, енді ол Volkswagen халықаралық стандартының соңғы критерий­леріне сәйкес келеді, ал кли­енттерді күтудің жаңа аймағы автомобильдің жөнделуін онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

«Біз Орал қаласында Volks­wagen жаңартылған Ди­лер­лік орталығының есігін аш­қанымызға қуаныштымыз, мұн­да сіз арманыңыздағы көлікті ыңғайлы жағдайда сатып алып қана қоймай, сонымен қатар көптеген қызмет түрлерін ала аласыз. Қайта жаңартылған дилерлік орталық бренд саясаты мен дәстүріне адал, ал оның техникалық жабдық­талуы барлық халықаралық стандарттарға сай келеді. Орталық қызметкерлері 2020 жылы 150-ден астам оқыту тренингтерінен өтті, енді алған дағдыларын жұмыста қолдануға дайын»,  – деп атап өтті Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова.

Оралдағы Volkswagen ди­лер­лік орталығының кли­ент­теріне Volkswagen ресми дилері ұсы­натын қыз­меттер мен сервис­тердің барлық спектрі қолжетімді. Олардың ішінде жеңіл және коммерциялық модельдердің кеңейтілген желісінен авто­мобильдерді таңдау, жаңа авто­мобильге айырбастауда артық­шылықтарды ұсынатын Trade-In бағдарламасы, сондай-ақ автонесиелеудің әртүрлі бағдар­ламалары бар.

«Біз үшін клиенттерімізге жоғары деңгейдегі сервисті ұсыну маңызды. Сондықтан біз автокөлік сатып алуды және кешенді қызмет көрсетуді барын­ша ыңғайлы етуге және өз клиенттерімізді қонақжай­лылық­пен қуантуға тырысамыз. Авто­салон қайта жаңартылған­нан кейін оның мүмкіндіктері осы мақсаттарға сәйкес келеді. Жаңа форматтағы жұмыс ай­мақтағы Volkswagen брен­дінің позиция­сын нығайтуға көмектеседі деп үміттенеміз», – деді Volkswagen Centre Uralsk директоры Артём Пащенко.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Оралда 210 Volkswagen автокөлігі сатылды. Жалпы Қазақстан бойынша портфеліне төрт VW автоорталығы кіретін Orbis Auto компаниясы брендтің 1690 бірлік жеңіл автомобильдерін сатты, бұл 2019 жылға қарағанда 392 автомобильге артық. VW коммерциялық техникасын сату 84 бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33-ке көп.

Orbis Auto – Orbis Kazakhstan компаниялар тобының автомо­бильдік бөлімшесі, елдің авто­мобиль ритейлінің ірі ойын­шы­ларының қатарына кіреді. 2012 жылдың 28 қыркүйе­гін­де құрылған. Штаб-пәтері Алматыда.

Orbis Auto брендтерінің портфеліне 10 автокөлік маркасы, 1 арнайы бренд және 1 жүк тех­никасы бренді кіреді: Toyota, Nissan, Mitsubishi, Hyundai, Cadillac, Audi, Porsche, Chevrolet, Volkswagen, JAC, JCB, Hino.

Orbis Auto дилерлік желісінің Қазақстан Республикасында 22 автоорталығы және Қырғыз Республикасында 1 дилерлік орталығы бар.

Нұрлан ҚҰМАР

849 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы