• Ақ Орда
  • 11 Ақпан, 2021

ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ОРНЫҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Мемлекет басшысына Қазақстан қаржы нарығының былтырғы даму қорытындылары және агенттіктің биылғы жылға арналған жұмысының негізгі басымдықтары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

2020 жылдың қоры­тындысы бойынша экономиканы кредиттеу 5,5 пайызға ұлғайып, 14,6 триллион теңгеге жетті. Дағдарысқа қа­ра­мастан, ша­ғын және орта бизнеске беріле­тін кредиттер, оның ішінде, бизнеске қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламаларын кеңейту арқылы 7,1 пайызға, яғни 4,2 триллион теңгеге дейін өскен. Президенттің тапсырмасы бойынша эконо­миканың зардап шеккен секторларындағы шағын жә­не орта бизнестің барлық кредиттерін жылына 6 пайызға дейін субсидиялау тетігі іске асырылды.
Мәдина Әбілқасымова биылғы 1 қаңтардан бастап бар­лық микроқаржылық ұйым­дардың, оның ішінде, лом­бард­тар мен онлайн-кредиттеу компанияларының қызметін лицензиялау енгізілгені туралы хабарлады. Бұл олардың есеп беруін, ашықтығын және жауапкершілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халық­тың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі реттеу шаралары қабылданды. Соның арқасында тұтыну­шылық кредиттің өсуі азайды. Биыл қа­рыз алушы жеке тұлғалар­ды оңалту және кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу тетіктері енгізіледі, қарызын қай­та­рмайтын адамдарға қатысты реттеу қызметінің сотқа дейінгі тәртібі күшейтіледі.
2021 жылдан бастап азаматтарға зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру, ал банктерге брокерлік қызметтердің толық спектрі бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі берілді. Бұл өз кезегінде халықтың инвестициялық мүм­кіндігін арттырады. Сақтан­дыру және қор нарығын одан әрі дамыту мақсатында кешенді заң жобасы әзірленді.
Қасым-Жомарт Тоқаев банк секторының тұрақтылығын қам­тамасыз етуге ерекше мән берді. Агенттік төрағасы жекелеген банктердің жұмысын қайта жандандыру жөнінде қабылданған шаралар және AQR нәтижелері бойынша қадағалау жоспарларын іске асыру туралы айтты. 2020 жылы банк жүйесі бойынша борышкерлік деңгейі 8,1 пайыздан 6,8 пайызға дейін төмендеді. Тәуекелге бағдарланған қадағалау аясында 2021 жылдан бастап банк секторы активтерінің сапасын бағалау (AQR) және стресс-тесттен өткізу қадағалау процесінің ажырамас бөлігі болады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев агенттікке қаржылық тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етуді, қаржы нарығының барлық секторында тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесін енгізуді, қаржылық қызмет көрсету барысында тұтынушы­лардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ қор нарығын дамытуды міндеттеді. Мемлекет басшысы дағдарыс салдарларын еңсеру үшін экономиканы кредиттеудің маңыздылығына назар аударды.

396 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы