• Руханият
  • 18 Ақпан, 2021

Кітап – зерде құралы, кітапхана – тұрағы

Биыл Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасына – 60 жыл толады. Жарты ғасырдан астам уақыт балаларға қызмет көрсетіп келген қарашаңырақтың мерейтойы аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен орайласқан Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының мерейтойлық мерекесі Ордабасы ауданында аталып өтті.

«Бала руханиятының алтын бесігі» тақырыбындағы апталық­тың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қасымбай Әбдіхалық арнайы қатысып, кітапсүйер қауымға ізгі ниетін жеткізді. Шара бары­сында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің шығармалары дәріптелді.

Биылғы еліміздің мерей­тойлар күнтізбесінде қазақтың алғашқы ағартушысы Ы.Ал­тынсариннің 180 жылдық мерейтойы енгізілді. Облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының дирек­торы Зоя Бегежанова сөз алып, ғасырдан ғасырға жалғас­қан руханият керуенінің мәні мен маңызына тоқталды. Ал аудандық мәдениет үйінің өнер­паздары қазақ ғұламаларын сөйлетіп, бүгінгі ұрпаққа ұла­ғаттарын жеткізді. Әдеби мон­таж Ыбырай Алтынсариннің туындыларына арналды. Аудан­дық «Жас толқын» жасөс­пі­рім­дер театрының кішкентай өнерпаз­дары да өнерін ортаға салып, көрерменге қуаныш сыйлады.

Түркістан облыстық Ы.Ал­тын­сарин атындағы бала­лар кітап­­хана­сының іргетасы 1961 жылы қаланған. 1976 жылы кітап­ханаға қазақтың ұлы ғалымы, фольклорист, педагог-ағарту­шысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді.

Кітапхана – білім беретін, бос уақытты тиімді пай­дала­натын, ақпараттық және ком­муникативтік орталық болып табылады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

335 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы