• Бизнес & Қоғам
  • 25 Ақпан, 2021

Интернеттегі алаяқтан сақ болыңыз

Алаяқтықтың жаңа тәсілі интернетте шұғыл жайыла бастады. Қаскөйлер өздері құрбандыққа шалатын бейкүнә жапа жегушілерді танымал онлайн-жарнамалардың сауда платформаларынан тауып алады, деп жазады «Хабар 24» арнасында.

Шындығында да, «алаяқ­тың қулығына құрық бойламай­ды» деуші еді бұрынғы­лар. Мұндайлар қазіргілердің шаңына да ілесе алмасы анық. Өйткені, бүгінгі алдамшы пәт­шағарлар бүге-шігесіне дейін жете түзелген тәсілмен жұмыс істейді екен.

Әдетте бір ай, ай жарым уа­қыт­­тан кейін әлдебір сайтта хабар­ландыру жариялаған автор өз атына мерзімі өтіп кеткен онлайн-несиесі тіркелгенін бір-ақ біледі. Мұндай тәсіл, жапа шеккендердің санына қарар болсақ, алаяқтарға қалтқысыз қызметін көрсетуде-ақ. Тек соңғы бір айда ғана астаналық полиция департаментіне елудей интернет-алаяқтардан зардап шеккендер арызданыпты.

Солардың бірі – Ольга Смир­нова өзінің алаяқтар «құрбан­дығына шалынғанын» таяуда ғана біліпті. Бір жарым ай бұрын бұл бойжеткен әлдебір онлайн-платформада көрер көзге өрескел ештеңесі жоқ сәбидің авто­кресло­сын сататыны туралы хабарландыру орналастырады. Айналасы екі сағаттай аралықта онымен ықтимал сатып алушы хабарласады. Әлдеқандай себеп­термен карточка нөмірі бойынша төлем жасау әрекеті іске аспай қалды деген желеумен, жаңағы әйел шотының 20-санды нөмірін жөнелтуін сұрайды. Мұндай өтініш күмән туғыза қоймайды. Мәміле іске асырылады.

Әйтсе де, кешке қарай сатып алушы, өзінің күйеуі Ольганың карточкасына басқа тауар үшін 100 мың теңгені қате аударғанын желеу етіп, тағы пайда бола қа­лады. «Бір жарым ай өткен соң, маған микроқаржылық ұйымның коллекторлық агенттігінен теле­фон соғып, неге өзімнің қары­зы­мды төлемейтінімді сұрады. Мен таңқалдым. Коллектор маған Халық банкінен мен жайында ақпараттар толықтырылуы түс­ке­нін хабарлады. Сонда ғана мұның іс жүзінде менің атымдағы микрозайм болғанын түсіндім», – дейді Ольга Смирнова.

 

 

Ольга жедел полицияға хабарласады. Өтінішті қабылдайды, қылмыстық іс қозғалады, соған қосарлана бойжеткенге займның мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұлдар өсіп жатты. Қарыз қазір 140 мың теңгеге жуық өсіп кетен.

Осыған ұқсас жағдайға Нұр-Сұлтан қаласының тағы бір тұр­ғыны душар болған, ол – Максим Ванюков. Қолайсыз жайтқа тап болғанын ол, өзінің шотына, күтпеген күйдегідей, ақшалар түскеннен бастап-ақ сезген. Бұл ер азамат та шұғыл полицияға хабарласады.

Алаяқтық құрбаны Максим Ванюков былай деп әңгімелейді: «Ол әйел маған ақшаны аударым арқылы жөнелтуімді сұра­ды. Бұл қалыпты жайт. Иә, күдік туындаған, бірақ сонда да жөнелттік. Басқа мәліметтер болған жоқ. Таңертең ол, қате­лікпен 100 мың түсіпті, дегенді айтты. Бірден полицияға келіп жеттім. Айғақтармен бұғаттау мақсатындағы шаралар басталды. Кешкісін ол құрықталды, хаттама толтырылды. Мен ақшаны жаратпауға міндеттенемін, деп қолхат жазып бердім. Тексеру іс-шаралары 2 ай бойы жүргізіліп жатыр, мен қарызымды өтей алмаймын, пенясы үстемеленуде».

Жағдайға Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікте де түсініктеме берді. Қаржылық реттеуші микро­қар­жылық ұйымдар және алаяқ­тықтың құрбандары арасында түсіністік орнату өкілеттігін өз міндетіне алуға дайын екен.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік бас­қармасының жетекшісі Рустам Габдулкафеев былай дейді: «Бәлкім, иә, басқа да ақпарат көздерінен, әлдеқайда жылыс­тау орын алуда. Бәрі бірдей ми­кроқаржылық ұйымдармен байланысты да болмауы мүмкін. Бұл жерде әрбір жайтпен жеке-жеке түсінісуге тура келеді. Мұнда микроқаржы ұйымымен диалог орнату қажет және өз тарапынан қаржы реттеушісі де қазылық рөлде міндет атқаруға дайын. Ол, жағдайды барлық жағынан есепке ала отырып микроқаржы ұйымдарына тиісті ұсыныстар берер еді, соның ішінде не борыштың күшін жою немесе сыйақы есептеуді, айыппұл ықпал шараларын тоқтата тұру талап етіледі».

Өздеріңіз аңғарғандай, қыр­күйек айының басында құқық қорғау органдарына астана­мыздың 50-ге жуық тұрғыны өтініш берген. Бұлардың бәрі де – алаяқтардың құрбандары. Олардың банктік карточкаларынан «тапқыр» қаскүнемдер еш қиналыссыз 2,5 миллионнан астам теңгені жымқырып кеткен. Зардап шеккендердің басым көпшілігі зейнеткерлер. «Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Қылмыстық істі тексеру басқармасының киберқылмыспен күрес жөніндегі бөлімінің қызметкерлері бес қыл­мысты ашқан. Ақша жымқыру күдігімен үш адам ұсталған. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деді Нұр-Сұлтан қа­ласы ПД киберқылмыспен күрес жөніндегі бөлімнің қызметкері.

Соңғы жылдары интернетте жасалған қылмыстардың күрт өсуі байқалады. Егер 2018 жылы еліміз бойынша осы сияқты қылмыстың 4 мыңдайы тіркелсе, былтыр олардың саны 2 есеге өскен. Ал 2020-шы жылдың тоғыз айында интернеттік алаяқтықтың 8 мыңнан аса фактісі тіркелген.

Киберқылмыспен күрес жө­ніндегі орталықтың айрықша маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі Жанар Мұғалованың айтуынша, «1700-дей интернет алаяқтығы ашылған, 400-ге жуық адам ұсталды, олар екі және одан да көп интернеттік алаяқтық жасағаны үшін күдіктілер болатын».

Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар статистикасы рекордтар жасауда. Ал, жедел қызметкерлер жүзеге асырылып қойған фактілерді ашумен айналысып әуре болғанша, бәлкім, мамандар ұсыныстарына құлақ асқандары абзал болар: қырағылық танытып, банктік карточкалар мен шоттардың жеке деректер қауіпсіздігін сақтауға жете көңіл бөлу керек-ақ, әсте. Қазіргі таңдағы басты мақсат – нақ осы!

Исатай ҚАМБАРОВ

954 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы