• Білім & Ғылым
  • 01 Сәуір, 2021

Отандық жоғары білім беру жүйесінің нығаюына септігін тигізбек

Almaty Management University Орталық Азия мен Қазақстанда жоғары білімге деген қарқынды өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында академиялық бағдарламаларын кеңейтетіні туралы мәлімдеме жасады.

Осы бастама аясында университет Cintana Education альянсына (АҚШ) қосылды. Бұл AlmaU студенттеріне әлемнің ең инновациялық жоғары оқу орындарымен серіктестіктің ар­тықшылығын қолдануға мүмкіндік береді. Студенттер алдыңғы қатар­лы оқу бағдарламасы мен оқыту тәжірибелерінен артықшылық алу ғана емес, сонымен қатар альянс­тың жетекші серіктесі Arizona State University-нің дипломын алуға мүм­кіндігі бар.

Қазақстанда соңғы 5 жылда жо­ғарғы білімге деген сұраныс тұрақты өсіп келеді. Мәселен, 2015 жылы жоғары оқу орындарының бакалав­риат бағдарламасына 459 000 студент түссе, 2019 жылы 604 000 студент қабылданды. AlmaU саны артып келе жатқан студенттерді оқытуды мақсат етумен қатар, технология, инженерия, коммуникация, денсаулық сақтау, өнер және кино саласында жаңа академиялық бағдарламалар дайындау арқылы, студенттерді жылдам өзгеріп отырған әлемдік экономика жағдайына бейімдеуге дайын.

«Орталық Азия сын кезеңді басынан кешіруде: жергілікті экономикаға инвестиция жасау мен болашақ ұрпақты білім беруге стратегиялық тұрғыдан қарап әрі батылдық танытуымыз керек. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы Arizona State University сияқты білім беру, зерттеу мен технологияда өзінің инновацияларымен әлемде кеңінен танымал серіктес табу. Бұл серік­тестік Қазақстанға университеттерді басқарудың озық тәжірибиесін әкеледі, әрі Орталық Азия аймағында бұрын-соңды болмаған жай», –дейді AlmaU президенті Асылбек Қожахметов.

Cintana Education-ге қосылу үшін AlmaU100-ден астам қазақстандық жоғары оқу орындарының арасынан іріктеліп алынды. Cintana Education – бұл  әлемдік экономика қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жоғары сапалы академиялық бағдарламаларды құрастыру және көбейтумен айналысатын университеттердің ғаламдық желісі.  Бұл Cintana Education мен Arizona State University арасын­дағы серіктестіктен туындаған альянс. АҚШ-тың ең инновациялық университеті (US News and World Report мәліметі бойынша) және әлемнің ең беделді университеттерінің бірі атанған (Times Higher Education мәліметі бойынша) Arizona State University-і 5 жыл аралығында студенттер санын 40% арттырған, оған қоса қоғамның әр түрлі топтарынан оқытылатын студенттер мен университет бітірушілердің көрсеткішін жақсартқан. ASU 40 мыңнан астам студентті онлайн платформасында оқытады.

Arizona State University-нің мо­делін жоғары білім беру саласының әлем таныған эксперті Майкл Кроу қалаған. ASU-дің моделінің филосо­фиясы жоғары білім беру әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан студенттерге қол жетімділігін арттыруға және өзі қызмет көрсететін қауымдас­тықтың экономикалық және әлеу­меттік ахуалына университеттің іргелі жауапкершілігіне негізделген. 

Arizona State University мен AlmaU-ның серіктестігі отандық жоғары білім беру жүйесінің нығаюына және Қазақстан брендінің халықаралық ғылыми және академиялық ортада танымалдығының артуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.

AlmaU, Almaty Management University – 1988 жылы негізі қаланған, ТМД елдерінің ішіндегі алғашқы жеке меншік ЖОО.

Альянс Cintana Education – әлем бойынша университеттерге білім беру сапасын дамытып, студенттер санын анағұрлым арт­тыруға көмек беретін ұйым. Ин­но­вациялық университеттердің ғаламдық желісіне кіретін универ­ситеттердің мақсаты – әлемдік деңгейде сапалы жоғарғы білімге деген қарқынды өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін бірге жұмыс атқару.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

1387 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы