• Еуразиялық ықпалдастық
  • 01 Сәуір, 2021

Интеграцияның пайдасы неде?

Біздің елімізде соңғы кезеңде, әсіресе солтүстіктегі көршілес елде ультраұлтшыл пікірлердің белең алуы қоғамдық  ахуалды ушықтырып, достастық көңіл-күйге сызат салғаны даусыз. Ресей мен Қазақстан арасындағы, Еуразиялық экономикалық одақ тарапындағы ынтымақтастыққа шүбә келтірген пиғылдар да көрініс бергені жасырын емес. Бұл ретте сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың беделді әлеуметтік желілердің бірінде (facebook.com/bakhyt.sultanov) жарияланған пікірі бірталай сауалға жауап береді, сондай-ақ кез болып отырған экономикалық кедергілерді жою әдістемесі де осы шолуымызда әңгіме болады.

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ  ИНТЕГРАЦИЯ ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАЙЫҚ

Министрдің өз ой-пікірін нақ осылай төтесінен бастауы тегін емес. Бұдан әрі ол: «Біз­дің елдің ЕАЭО мүшелігіне қатысты сындар, ең алдымен, Қазақстанның Еуразиялық эко­номикалық одақтағы жетекші емес позициясына байланысты жиі айтыла бастады. Неліктен бұлай болып жатқанын және ЕАЭО-ның Қазақстан үшін қаншалықты тиімді екенін тү­сіндіруге тырысамын», – дейді ол.

Министр пайымдауынша, «сауданы аймақтандырудың пай­далылығы – соңғы ғасырдың үр­дісі емес, бұл – аксиома». Шын мә­нінде, әлемнің әр аймағындағы сауда-саттықтың дәл қазір қа­лай өрбіп жатқанын көріп отыр­мыз және сол үшін қым-қуыт тартыс-талас жүріп жатқаныда ешкім үшін жасырын емес. Сол себепті де Б.Сұлтановтың «Қазіргі заманғы халықаралық экономикада жекелеген елдер­дің нарықтары үшін емес, жекелеген өңірлік сауда бірлестіктері­­нің нарықтары үшін бәсекелес­тік күрес жүріп жатыр» деген пікірімен келіспеске шара жоқ. «Мен қызмет саласында әлеуетті инвесторлармен жиі кез­десемін. Олардың көпшілігі өз бизнесінің табыстылығын Қазақстан нарығына бағдар ретінде емес, Ресейге экспорт әлеуеті тұрғысынан бағалайды.

Айтпақшы, біз өзіміздің тауар өткізу жүйемізде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің ағынын Сібірге бағыттайтын боламыз, – деп жалғастырады одан әрі министр. – Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, әр инте­грациялық бірлестікте эконо­микалық көшбасшылар бар. Бірақ экономикасының қуаты аз елдердің пайдасы – олар күшті серіктестердің есебінен өз деңгейлерін көтереді».

Бақыт Сұлтанов Еуропалық одақты мысалға келтіреді. «Оның құрамына экономикалық даму деңгейі әртүрлі, мүлдем бір-біріне ұқсамайтын 27 мемлекет кіреді. Еуропалық одаққа барлық өзара сауданың төрттен бірін тек бір ел – Еуропалық одақ­тың көшбасшысы – Германия құрайды. Шығыс Еуропаның барлығы дерлік көшбасшыға тартылады. Соның ішінде бірлес­кен жобалар, ынтымақтастық, білім деңгейінің жоғарылауы, адамдар мен капиталдың еркін қозғалысы», – дейді ол.

Министр одан әрі: «Және мұндай «интеграция өзектері» –негізгі қозғаушы күш болып табылатын елдер әр бірлестікте бар. NAFTA-да бұл Америка Құрама Штаттары, өзара сау­дадағы үлесі шамамен 44%. Оңтүс­тік Африка Кеден одағында (5 ел) және Оңтүстік Африка даму қауымдастығында (16 ел) Оңтүстік Африка жетекші рөлге ие – өзара сауданың 70%-дан астамы. MERCOSUR-да Бразилия (50%) және Аргентина (30%) бар. АСЕАН-да (10 елде) бұл Сингапур, өзара саудадағы үлесі 30%-дан асады», – деп атап көрсетеді.

Б.Сұлтановтың пайымдауынша, «ЕАЭО интеграциялық бірлестігі жағдайында мұндай «интеграцияның өзегі» тарихи тұрғыдан Ресей болып табылады. Оған жалпы өңірлік ішкі өнімнің, мұнай мен газ өндірудің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық экспортының негізгі үлесі тиесілі».

ЕАЭО-НЫҢ  БІЗ ҮШІН  МАҢЫЗЫ НЕДЕ?

Бұл сауалға министр былайша жауап береді: «5 жыл ішінде бірыңғай экономикалық кеңістікте тауарлардың, қызметтердің, жұ­мыс күшінің және капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұлттық заңнамасының қомақты массиві құрылды. Бұл ретте барлық шешімдер консенсуспен қабылданады – әрбір мүше мемлекет оның ЖІӨ-не, қаржы жарналарының мөлшеріне немесе халық санына қарамастан тең дауысқа ие болады».

Б.Сұлтанов келтірген деректерге сәйкес, біздің экспорт (шикі­заттық емес материалдарды қоса) ЕАЭО мүше-мемлекетте­рі­не 2015-2019 жж (өткен жылы саудадағы барлық көрсеткіштерді құлатқан) 25%-ға немесе 5,1-ден 6,4 млрд АҚШ долларына дейін өсті (Ресейге – 25%, Белоруссияға – 2 есе, Қырғызстанға – 20%, Арменияға – 6 есе ).

Министр кемшіліктерді де жасырмайды: «Иә, көптеген ке­дер­гілер мен шектеулер бар – себебі, әр ел өз өндірушілерінің мүд­делерін қорғайды (Қазақстан да соның қатарында). Бірақ Еуразиялық одақ алаңында бизнестен түсетін, саудада кедергінің болуы туралы шағымдарды қарау мерзімдері үш айды құрайды, ал Дүниежүзілік сауда ұйымында (ЕАЭО болмағанда, біз сол Ресеймен және Қырғызстанмен дауларда өз мүдделерімізді қорғайтын едік) мұндай талап қою екі-үш жылға созылуы мүмкін».

«Рас, экономикалық интегра­цияның салдары әрдайым бірдей бола бермейді. Экономиканың «көп сатылатын» секторларының кеңеюі және басқалардың қыс­қаруы сөзсіз. Интеграция сөзсіз ин­вестициялық ағындарға, Эко­но­микалық қызмет пен кіріс­терді бөлуге әсер етеді. Бірақ өңірлік бірлестіктерге қатыспай, Біртұтас экономикалық өсу мен өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету іс жүзінде мүмкін емес. ЕАЭО-ның Қазақстан үшін маңызы даусыз. Ресей басты сауда орта­лығы болып қала беретін одақ ішінде теңгерімсіздік байқал­ғанымен, Қазақстан үшін өнім өткізу нарықтары кеңеюде, кедендік төлемдермен шығындар қысқаруда, еркін сауда аймақтары шеңберінде елдердің нарықтарына қол жеткізу жеңілдейді. Вьетнам, Сингапур, Сербия, Иран жекелеген Қазақстанмен, Ресеймен немесе басқа республикалармен емес, Еуразиялық одақпен «дос» болғысы келді. Қазір Еуразиялық одақта өнеркәсіптік кооперацияға баса назар аударылып, кейіннен бірлескен өнім үшінші елдерге шығарылады. Бұл бізге экономикамызды «жарқындатуға» көмектеседі және қалған сенім­сіздік дәрежесін төмен­детеді», – деп ашығын айтты қазақстандық министр.

«Иә, ЕАЭО-дағы ынтымақтас­тықтың өзара тиімділігін күшейту мәселелері әлі де көп, бірлестік­ке жекелеген қатысушылардың санк­циялық қысымына байланысты саудада кедергілер мен қиындықтар бар. Дегенмен, (бұл одақтың – ред.) экономикалық та, экономикалық емес те пайдасы басым», – деп түйіндейді сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов.

КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ ӘДІСТЕМЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

2021 жылғы 10 наурызда Еу­разия­лық экономикалық одақ­тың ішкі нарығындағы кедер­гі­лерді тосқауылдарға бөлу­дің, алып қоюдың және шектеу­дің және тосқауылдарды жойылған деп танудың жаңа Әдісте­месі күшіне енді, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Әдістемесімен басқа мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізу проблемалары туралы мүше мемлекеттердің өті­ніштерін қарау процесі және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының іс-қимылдарын кедергілер немесе шектеулер деп тану туралы шешімдер қабылдау алгоритмі егжей-тегжейлі сипатталған.

Сонымен қатар, әдістеме өзара саудадағы кедергілерді жіктеуді көздейді. Тағы бір әдістемесінде кедергілерді жою үшін мүше мемлекет қабылдаған шаралардың жеткі­ліктілігін тексерудің қосым­ша кезеңі түрінде жойылған деп тану­дың белгілі бір рәсімдері көз­деледі.

Естеріңізге сала кетейік, атал­ған құжатты қабылдауға қазақ­стан­дық тарап бастамашы болды. «Әдістеме мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізу проб­лемаларын кедергілер ретінде жіктеуге мүмкіндік береді және өтініштерді қарау мерзімдерін қатаң регламенттейді.

Қазақстандық тарап кедер­гілерді жою процесін нақты регламенттеу және қарау мерзімдерін барынша қысқарту қажеттігі туралы ұстанымын бірнеше рет білдірді. Біз әріптестерімізді осы құжатты қалыптастыру кезінде қағидатты түрде жаңа тәсілдерді ескеруге көндіре алдық:

– әрбір кезең әдіснама бойынша барлық іс-әрекеттердің мер­зімдері регламенттелген және қысқартылған, Бұл өз кезегінде жекелеген жағдайларды қарауды кешіктіру мүмкіндігін болдырмайды;

– келіп түскен өтініштер бойынша ақпараттық ресурс құру қарастырылған;

– кедергілерді жойылған деп тану тәртібі қарастырылған – бұл оларды толық жоюға ықпал етеді.

Жаңа Әдістемені қабылдау ЕАЭО кеңістігінде бизнес-қоғам­дастықтың қызметін жеңіл­дету бойынша да, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының мүд­делерін қорғау бойынша да жұмыс­ты жүйелі және ашық жүргі­зуге мүмкіндік береді», деп сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова атап өтті, делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

900 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы