- Цифрлы Қазақстан
- 08 Сәуір, 2021
Бала құқығы – басты назарда
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен және «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясындағы серіктестік Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды құруға бағытталған және келесі ұзақ мерзімді стратегиялық бірнеше мақсаттарды қамтиды. Атап өтсек: Балалар мен жастардың мүдделерін алға бастыруда бизнестің рөлін нығайту; Бірлескен ақпараттық науқандар, іс-шаралар және материалдарды тарату арқылы балалардың құқықтарын жүзеге асырудағы халықаралық стандарттар мен сәтті тәжірибе туралы халықтың хабардарлығын арттыру; Донорлық мәдениетті насихаттау және әлеуетті донорлар мен серіктестерге балалар үшін жүйелі жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай жасау.
«ЮНИСЕФ – бүкіл әлемдегі балалардың мүддесі үшін әрекет ететін ең беделді ұйымдардың бірі. «Қазпошта» АҚ әлеуметтік жауапты компания ретінде балалар мен жастардың мүдделері үшін жобалар мен ақпараттық науқандарды қолдауға дайын. Сондай-ақ, мен Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойғанының 25 жылдығына орай биыл біз мерейтойлық пошта маркасын шығаратындығымызды қуана хабарлаймын», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.
Меморандумға қол қою барысында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен серіктестік қарым-қатынастарды құрудың маңыздылығын айта отырып, бизнес сектордың балалардың жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқара алатындығын атап өтті. «Біз балалардың сапалы қызметтерге, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғауға тең қол жетімділігін жақсарту үшін жүйелі өзгерістерді жасауға дайын компанияларды қолдаймыз. Біз бүкіл Қазақстан бойынша пошта, қаржылық және электронды қызметтерді ұсынатын «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға қуаныштымыз. Меморандум аясындағы жұмыс елдегі балалардың әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды құруға бағытталған», – деді Артур ван Дизен.
Айта кету керек, ЮНИСЕФ ең мұқтаж балаларды қамту үшін бірқатар елдерде және аумақтарда аса қиын жағдайларда жұмыс жасайды.
Салтанат ҚАЖЫКЕН
3172 рет
көрсетілді0
пікір