• Біліктілікті арттыру
  • 29 Сәуір, 2021

Еріктілердің бастамаларын қолдауға 500 мың теңге бөлінеді

Қазақстан Еріктілер лигасы шағын гранттар конкурсын жариялады, онда 5 жеңімпаз Нұр-Сұлтан қаласында жануарларды қорғау бойынша өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асырады. Әр жобаның құны 500 мың теңге.  Конкурсқа жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Байқау туралы толық ақпарат лиганың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ақпараттық алаңдарында жарияланды.

Бұл туралы жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасының таныстырылымы барысын­да белгілі болды. Іс-шараға аза­маттық қоғам істері коми­тетінің төрағасы Мадияр Қо­жах­мет, Азаматтық бастама­ларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас, Қазақстан Еріктілер лига­сы­ның төрайымы Айсұлу Ерния­зова, зооволонтерлер және жұрт­шылық  өкілдері қатысты.

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет аталған жобаны жүзеге асыру зооволонтерлік бағытында және жануарлар құ­қығын қорғаудағы азаматтық бастамаларды дамытуда мульти­пликативті әсер беретініне сенім білдірді.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас өз сөзінде, жануарларға жауапкершілік пен адамгершілік тұрғысынан қарауды қалыптастыруды қам­тамасыз етуге мүмкіндік бере­тініне назар аударды. 

«Қазақстан еріктілері лига­сы» қоғамдық қоры жұмыстың басталғаны туралы хабарлады. Үйсіз және жоғалған жануарларға арналған қызмет, оның аясында жануарларға адамгершілік қаты­насты қалыптастыру бойынша еріктілер оқытылады. Қазіргі уақытта 1 оқыту тренингі өткі­зілді, 3 жануарға арналған отба­сы­лар табылды, қарқын алып келе жатқан жобаға күн сайын 30-дан астам еріктілер қосылуда. Сондай-ақ, Қор Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындарын жобаға қосылуға шақырды. Іс-шаралар туралы ақпаратты жо­баның әлеуметтік желілерінен табуға болады.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

 

415 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы