• Руханият
  • 06 Мамыр, 2021

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде І Кенжалин  оқулары аясында  «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер:   БАҚ менеджменті  мен  маркетингі және  PR» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Ғылыми басқосуға қоғам және мемлекет қайраткерлері, шетелдік және отандық ғалымдар, БАҚ басшылары мен тілшілері, оқытушылар мен білімгерлер қатысты.

ҚазҰУ басқарма басшысы-ректоры Жансейіт Түймебаев­тың қолдауымен өткен алқалы жиын Қазақстанда ақпарат­тық менеджмент теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаған белгілі ғалым, жазушы-публи­цист, саяси ғылымдар канди­даты, ұлағатты ұстаз Жұмабек Кенжалинді еске алуға арналды.

Практик-ғалым мұрасын зер­делеуге бағытталған бас­та­маға мемлекет хатшысы Қырымбек Көшербаев қолдау білдіріп,  арнайы хат жолдады. Ақпа­рат және қоғамдық даму ми­нистрі Аида Балаева да хат жолдап, конференция жұ­мы­сына тілектестік білдірді. Министр «Жұмабек Омарұлы – саналы ғұмырын қазақ журналис­тика­сын дамытуға арнап, кәсіби өсу мен өрлеу­дің барлық баспалдағынан өткен белгілі қалам­гер. Ол еңбек жолын «Социа­лис­тік Қазақстаннан» бастап, «Білім және еңбек» журналында, «Халық кеңесінде» абыройлы қызмет етті. «Ақиқат» журна­лының бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редак­торы қыз­меттерін атқарды» дей отырып, кейінірек «Қазақ газет­тері» журналистік ұжымы­ның шаңырағын көтеріп, оны жиырма жылға жуық басқар­ған біртуар тұлғаның қоғамдық және шығармашылық қызметі бола­шақ қаламгерлер үшін үлгі-өнеге  екендігін жеткізді.

Сондай-ақ ұйымдастыру­шы­лар алқасына Сыртқы Істер министрлігі Халықаралық ақ­парат комитетінің төрағасы Асқар Абдрахмановтың, Поль­ша-Қазақстан сауда-өнер­кәсіптік палатасының төр­ағасы Петр Гузовскийдің құт­тық­тау хаттары келіп түсті. Парламент Мәжілісінің депу­таттары Сауытбек Абдрах­ма­нов, Мейрамбек Төлепберген, Жанарбек Әшімжан және өзге де айтулы тұлғалар қазақ баспа­сөзінің талантты ұйымдас­ты­рушысы, белгілі журналист-ғалым Жұмабек Кенжалин жай­лы естеліктерімен бөлісті. Қай­­раткердің бұқаралық ақпарат құрал­дарының уақыт талабына сай дамып, кемелденуіне қосқан кәсіби тәжірибесі мен қажыр-қайраты үлгі етілді.

Жиын барысында қазіргі за­манғы журналистиканың өзекті де түйінді мәселелері талқы­ланып, ақпараттық ресурс­тарды тиімді пайдалану және оны арттыру жолдары тұрғысында  зерделенді.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

223 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы