• Бизнес - Қаржы
  • 13 Мамыр, 2021

БЖЗҚ қаржысы қайда жұмсалуда?

Қазақстандықтар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 1,1 триллион теңге зейнетақы қорланымдарын жұмсаған. Осынша қаржының жартысына жуығы тұрғын үйді ипотекасыз, тікелей ақшаға, сатып алуға кеткен, деп жазады экономикалық белсенді іскерлерге арналған «Курсив» апталығы өзінің kursiv.kz сайтында. 

Иса ҚАМБАР

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 26 сәуірдегі мәліметтері бойынша, қазақстандықтар зейнетақы қорланымдарының «қолжетімді­лік шегінен» асатын 1,167 триллион көлеміндегі қорларын пайдаға жаратқан. Бұл ақшаларды олар тұр­ғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге немесе жеке басқарушы компанияларға аударып, соны тиімді жаратуға жұмсай алады. Айта кету керек, пайдаланылған қаржының 99 пайызы нақ осы тұрғын үйлер алуға жұмсалған екен. 

ҮЛЕСКЕРЛІКПЕН ҚАТЫСУ

Зейнеткерлік ақшаларын қазақстандықтар бәрінен көбірек тұрғын үйлерді ипотекасыз алу мақсатында қорларымдары­нан шығарған екен – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтардың жалпы сомасы 620 миллиард теңгеге жуық көлемдегі 80 мыңнан астам өтініштерін қанағаттандырған. Екінші орында ипотекалық қарыз бойынша берешегін бөліп немесе толықтай өтеу жүзеге асырылған, бұл мақсатта 218 миллиард теңге жұмсалған, БЖЗҚ-ға өтініш берген әрбір адам орта есеппен ипотекаға 3,14 миллион теңге салыпты. 
Бөлінген қаржылардың көлемі тұрғысынан «зейнетақы қорла­нымдарынан шегінім», яғни өз ақ­шасын келесі кезеңде нақты мақ­сатқа жұмсауға, бір туыстан басқа туысқа беру мақсаты үшінші орында. Қазақстандықтар осындай жолмен 193,86 миллиард теңгені, орта есеппен бір адамға 3,56 миллион теңге, өзгелерге ұсынған. 
Ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға 1,64 миллиард тең­геге жуық жұмсалған. 
«Қолжетімділік шегінен» асатын зейнетақы қорланымдарын пайдалану статикасы ақшаның басым бөлігі тікелей тұрғын үй нарығына жұмсалғанын көрсетеді. Тұрғын үйді толықтай сатып алуға және ипотека бойынша бастапқы жарнаға қосуға жиынтық түрінде 1,159 триллион теңгенің 653,616 миллиард теңгесін, яғни жартысынан астамы, құрап отыр (1-инфографика).

БАҒА және сұраныс

Қазақстан Республикасы Стра­тегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2021 жылдың наурызында жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы еліміз бойынша орта есеппен 324,5 мың теңге, қайталама нарықта – 257,3 мың теңге құ­раған. Бұл көрсеткіштер 2020 жыл­дың желтоқсанына қарағанда, тиісінше, 4,7%-ға және 10,4%-ға артқан. «Қазіргі кезде жылжымайтын мүлікке сұраныс арта түсу үстінде... Сұраныстың мұндай өсімі оның осыншама шарықтауын әлдеқалай теңгеруге жеткілікті болмай отыр», – деп биылғы жылдың ақпанында пікір білдірген Standard and Poor’s рейтингтік агенттігі­нің Қаржылық қызметтер тобы директорының орынбасары Екатерина Марушкевичтің сөзін Reuters басылымы мысалға келтіреді. 
Марушкевич пікірінше, қыстың аяғына қарай-ақ жылжымайтын мүлік секторындағы ысынудың әлеуетті белгілері байқала бастаған-ды, ал ұзақ мерзімді келешекте, ипотекалық несиелер беретін, банктерге «көпіршік» зиян келтіруі мүмкін (2-инфографика).


Нақ сол Ұлттық статистика бю­росының мәліметтері де қазақ­стандықтардың БЖЗҚ-дан ақшаларын жаппай ала бастауынан бұрын-ақ республикамызда тұрғын үйлер құны өскенін көрсетеді. Өткен жылы (2020 жылдың желтоқсанына 2019 жылдың желтоқсаны аралығы) бағалар қайталама нарықта 13,2 пайызға, жаңа құрылыстарға – 5 пайызға өскен. 
Тұрғын үйлер қымбаттауына бір­ден сан алуан факторлар әсері бар. Өткен жылы-ақ халықаралық нарықта ресурстар өскен болатын, деп еске салады Отбасы банкінің ресми өкілдері, бұған өңдеуден өткен сүрекке бағасы 2,2 есеге жуық артқанын, шайырға – плюс 45%, мысқа – плюс 27% өскенін және былтырғы жылы болаттың құны 13%-ға өскенін де мысалға келтіреді. 
Қымбатшылықтың тағы бір салдары ретінде, Отбасы банк өкілдерінің пайымдауынша, коронавирус індеті күйретіп кеткен, ұлттық экономикаларды қолдауға бағытталған – 10 триллион АҚШ долларына жуық немесе жаһандық жалпы ішкі өнімнің 7,5 пайызына пара-пар қаржы құйылуын да атауға болады. «Жиынтық көлемде осындай факторлар көптеген елдерде жылжымайтын мүлікке бағалардың өсуін туындатып отыр. Түркияда, жылдан жылға қарағанда, жылжымалы мүлікке баға өсімі 27%-ға артқан, АҚШ-та – 15%-ға, Германияда – 12%-ға және Ресейде – 10%-ға өскен. 2021 жылы мұндай үдеріс одан әрі жалғасын тауып, көптеген елдер өз экономикаларына инфрақұрылымдарға инвестициялар салу арқылы қолдау көрсетуде», – деп аталмыш қаржы институтының баспасөз қызметі түсініктеме береді. 
Қазақстандағы тұрғын үй құнына сондай-ақ құрылыс саласында жа­лақының артуы мен доллар баға­мының өсуі де әсерін тигізген – құры­лыс секторы импорттық материалдарды сатып алуға тәуелді. 
Әйтсе де, Отбасы банкте: халық­тың зейнетақы қорланымдарын пай­далану мүмкіндігі де қайталама нарық­тағы бағалар өсуінің бір себебі деп мойындап отыр. «Бұл ретте біз, қордаланымдардың басым бөлігі осы мақсатта көктемнің соңына қарай пайдаға жаратылады да зейнетақы қорланымдарының одан әрі нарыққа айтарлықтай ықпалы тимейді, деп бағалап отырмыз», – деп атап көр­сет­кен Отбасы банк сарапшылары. Олар­­дың пайымдауынша, зейнетақы қаржысының жылжымайтын мүлік құнына әсері мамырдың басына – маусым айының соңына қарай маңызын жоюы әбден мүмкін.

311 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы