• Серпін
  • 19 Мамыр, 2021

22 мың адамға жұмыс табылмақ

Қытай инвесторлары Түркістан облысында автобустар мен электр аккумуляторын жасап шығаратын зауыт салмақ. Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Қытай Халық Республикасының кәсіпкерлерін қолдау қауымдастығының президенті Хуан Линьмен кездесуі барысында талқыланды. Басқосу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Нұрлан ҚҰМАР

Қауымдастық президенті сауда-экономикалық ынтымақ­тастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, Түр­кістан облысында өз бизнесін дамытқысы келетін қытайлық кәсіпкерлердің саны артқанын жеткізді.
«Түркістан облысы өте қар­қынды даму үстінде. Қытай­дың көптеген инвесторлары осы Түркістан облысына келіп, жұмыс істеуді армандайды. Біздің қауымдастықта 20 мыңнан астам орта және кіші кәсіпорындар бар. Пандемия жағдайына бай­ланысты инвесторлар келе алмай отыр. Әзірге автобустар мен электр аккумуляторын жасап шығаратын екі зауыт салуды көздеп отырмыз», – деді Қытай Халық Республикасының кә­сіпкерлерін қолдау қауымдас­тығының президенті Хуан Линь.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды, іскерлік байланыстар мен ынты­мақтастықты дамыту мәсе­ле­лерін талқылады. Облыс бас­шысы Хуан Линді өңірдің эко­номикалық әлеуетімен таныс­тырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Облыс әкімі электр қуатымен жүретін автокөліктерге арналған акку­му­лятор жасап шығаратын зауыттың құрылы­сына ерекше мән берді.
«Бұл  – болашағы бар жоба. Алдағы уақытта сұра­нысқа ие болары анық. Сондық­тан қолдауға дайынбыз. Индус­триялды аймақта бір айдың ішінде еркін экономикалық аймақ қалыптастырылады. Инвесторларға барлық жағдай жасалады. Жер бөлінеді. Электр қуаты және газбен қамтамасыз етіліп, темір жол қызметі ұсы­нылады. Сонымен қатар, салық­тан босатылады. Елімізде сұра­нысқа ие болатын жобаларды қолдауға біз әрқашан дайынбыз», – деді Өмірзақ Шөкеев.

358 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы