• Бизнес - Қаржы
  • 19 Мамыр, 2021

Тәтті тағам неге азайып кетті?

Елімізде биылғы жылдың қаңтар-наурызында 18,3 мың тонна шоколад және шоколод пен қанттан жасалған кондитерлік тағамдар шығарылған, бұл – бұдан бір жыл бұрынғы шығарылғанның ширегіндей көлемде аз екен. Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлайды. 

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ

Аймақтарға бөліп қарастыр­ғанда, барлық өндірістің жартысынан астамы Алматының еншісіне бұйырған: 2021 жылдың бірінші тоқсанында 9,5 мың тонна, жылдық көрсеткіш минус 12% құрапты. Үз­дік үштікке әдеттегідей Қостанай (4,3 мың тонна, минус 48,9%) және Алматы (3,4 мың тонна, минус 13,3%) облыстары енген. 
Қазақстан Республикасындағы шокалад пен шокаладты конди­терлік тағамдардың негізгі өнді­рушілері – алдыңғы қатарлы оң­түс­тік­­кореялық LOTTE Confec­tionery кондитерлік компа­ниясының «Рахат» АҚ, «Баян-Сұлу» АҚ, түркиялық lker Group құрамына кіретін «Хамле Компани Лтд» ЖШС, т.б.

(1-инфографика).


Екі айдың қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар шоколад пен кондитер­лік тағамдарға сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт), бір жыл бұрынғы 51,1%-бен салыстырғанда, тек 46%-ға ғана қамтамасыз ете алған. 
Импортқа, тиісінше, на­рықтың 54%-ы бұйырыпты. Елімізге екі айда 13,9 мың тонна, бір жыл бұ­рынғыдан 8,3%-ға аз, тәтті өнім­дер жет­кізілген. Экспортқа бар-жоғы 3,3 мың тонна, былтырға қарағанда минус 16%, тәтті өнімдер жөнелтіл­ген. Қорытындысында ішкі нарықта 22,4 мың тонна, былтырғымен салыс­тырғанда – 17%-ға азырақ өнім өткізілген (2-инфографика).


Елімізге осы жылдың екі айында, құрамында какао бар, құны 23,7 млн АҚШ доллары ($), 8,2 мың тонна шоколад пен басқа да өнімдер әкелінген. Нақты тү­рінде де, ақшалай мәні бойынша да, тиісінше – 17,6%-ға және 20,3%-ға импорттың төмендеуі тіркеліп отыр. Импорттың негізгі бөлігі ТМД елдерінің – Ресей мен Украинаның үлесінде. 
«Тәтті импорттың» тағы 5,4 мың тоннасы, құрамында какао жоқ, құны – $10,8 млн өнімдер­ге бұйырыпты. Нақты түрде өсім 4,5% құрағанына қарамастан, ақ­шалай мәнінде көрсеткіш жылы­­­на 1,9%-ға қысқарған. Негізгі импорт та сондай-ақ ТМД елдерінің еншісінде: құны $8,9 млн, ауқымы 4,6 мың тонна құрапты. Бұл ел­дердің арасында да Ресей мен Украина көш бастаған (3-инфографика).


2020 жылы әрбір қазақстандық орта есеппен 43 килограмм қант, джем, бал, шоколад  пен кон­дитерлік өнімдерді тұтынған, бір жыл бұрынғыдан бұл – 0,4%-ға артық. Соның ішінде құм шекер тұтыну 17,8 кг құраса, глазурьленген шоколадты кәмпит – 3,5 кг, қайнатылған жеміс тоспасы, джем мен повидло – 2,7 кг, балмұздақ – 1,8 кг, шоколад – 948 г құрапты. 
Аймақтарға бөліп қарастыр­ғанда елдегі тәттіқұмарлар рей­тингін Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстары бас­тап тұр. Қант пен кондитерлік тағамдарды бәрінен аз Шымкентте тұтынады екен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша неғұр­лым көбірек өсім Ақтөбе облысында, мейлінше азырағы – сол баяғы Шымкентте тіркелген көрінеді (4-ин­фографика).


Биылғы сәуір айының қорытын­дыысы бойынша жылға шаққанда кондитерлік бұйымдар 7,7%-ға қым­баттапты. Соның ішінде шоколад пен глазурьленген кәмпиттер – 7,3%-ға, карамель – 7,2%-ға, шоколад – 8%-ға қымбаттап кеткен. 
Аймақтарға бөлгенде айтар­лықтай өсімді Қызылорда об­лысының тұрғындары сезген – жылына бірден 14%-ға шарықтапты. Сыр өңірінің ізін ала астана (плюс 11,5%) мен Атырау облысы (10,7%) жайғасқан. Бағалардың мейлін­ше аз өсімі, бар-жоғы – 5% ғана, Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. 
Жалпы алғанда, 2020 жыл­дың қаңтар-желтоқсанында шоколад 100,5 мың тонна, бір жыл бұрынғыдан 2,9%-ға артық өнді­рілген.

500 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы