- Атамекен
- 27 Мамыр, 2021
СУЫҚТӨБЕ
Суықтөбе – Іле Алатауының батысында орналасқан Жетіжол жотасының ең биік нүктесі. Теңіз деңгейінен биіктігі – 3272 м.
Жота Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан. Сілемнің батысы Кіндіктас жотасына ұласады. Шығысында Іле Алатауынан Қастек асуы және Қарақастек өзені арқылы бөлініп жатыр.
Суықтөбенің басын үнемі бір шөкім бұлт торлайды. Әрі жел тұрып, жазда да салқын болып тұратындықтан Суықтөбе аталса керек. Жаңбырлы күндері бұлт бірінші Суықтөбенің биігін тұмшалайды. Қар да маусым айының ортасына таман толық еріп, бітеді. Шыңға жаяу шығуға болады, тек құрғақ шөптері аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызуы мүмкін.
17883 рет
көрсетілді0
пікір